© almaty2017
Биатлоннан Роман Еремин Универсиада-2017 сайыстарында Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Биатлоннан Роман Еремин Универсиада-2017 сайыстарында Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
10 шақырымдық спринтте Еремин мылтық атуда екі рет мүлт кетіп, 27 минут 24.6 секунд көрсеткішпен үшінші болды. Бірінші және екінші орынды ресейліктер Семен Сучилов (27:02.3) және Дмитрий Иванов (27:24.1) иеленді. Олар мылтық атуда нысанаға дәл тигізді.
Осылайша, қазір Қазақстан қоржынында бес алтын, екі күміс және алты қола жүлде бар.