13 қаңтар 2017 | 20:02

Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын ең сұлу спортшы қыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылғы қысқы Универсиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Алматыға әлемнің әр түкпірінен мыңдаған студент келіп, спорттың 12 түрінен жарысқа түседі. Vesti.kz сайты осы жарысқа қатысатын Қазақстанның ең сұлу қыздарының тізімін жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылғы қысқы Универсиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Алматыға әлемнің әр түкпірінен мыңдаған студент келіп, спорттың 12 түрінен жарысқа түседі. Vesti.kz сайты осы жарысқа қатысатын Қазақстанның ең сұлу қыздарының тізімін жасады. 

Анита Нагай (шорт-трек)

18 жастағы қазақстандық спортшы шорт-трекпен жеті жылдан бері айналысып келеді. Биыл ол Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер Олипиадасының қола жүлдесіне ие болды.

Татьяна Лихаус  (хоккей) 

Еліміздің хоккей құрамасының 18 жастағы шабуылшысы. Құраманың үздік ойыншыларының бірі. Көкшетауда дүниеге келген. Қазіргі кезде Алматының "Айсұлу" командасында ойнайды. 

 

Даяна Ахметавлиева (трамплиннен секіру)

18 жастағы ару трамплиннен шаңғымен секіруден Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетеді. Ол универсиадада осы спорт түрінен Қазақстан атынан шығатын жалғыз спортшы. 

 

Алина Слепенко (биатлон)

 20 жаста. Румынияда жасөспірімдер арасында өткен жарыста ТОП-40 спортшылар қатарына кірді. 

Рамина Юничева (керлинг)

23 жаста. Керлигтен Қазақстан құрамасының капитаны. Биыл жазда тұрмыс құрды.

Анна Стоян (шаңғы жарысы)

Анна 23 жаста. Жасөспірімдер арасында өткен үш чемпионатқа қатысқан. Муониода 20 жасқа дейінгі спортшылар арсында өткен шаңғы жарысында 5 шақырым қашықтықта үшінші орын иеленген. 

 

Айза Момбекова (мәнерлеп сырғанау)

Осы тізімдегі ең жас спортшы. 17 жаста. Таллинде өткен жасөспірімдер арасындағы Гран-приде оныншы орынға ие болған. Осы спорт түрінен Қазақстан құрамасының бас бапкері спортшымыздың алдына Универсиадада ТОП-10-қа кіру мақсатын қойды. 

Зарина Қахарова (керлинг)

21 жастағы алматылық спортшы қыз. 

Анна Шевченко (шаңғы жарысы)

Павлодарда дүниеге келген 23 жастағы спортшы. 

Екатерина Айдова (коньки спорты)

Сочидегі Олимпиада ойындарында 25 жастағы спортшымыз 1000 метр қашықтықта ТОП-10-қа кірді. Қарағандыда дүниеге келген. 

Материалда спортшы қыздарымыздың әлеуметтік желілердегі фотосуреттері орналастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети