Үшінші Алматы марафоны ауру екі баланы емдеуге 10 миллионға жуық теңге жинады, деп хабарлайды өзі де жүгіріп, осы шараның ішкі рухын сезінген Tengrinews.kz тілшісі.
Үшінші Алматы марафоны ауру екі баланы емдеуге 10 миллионға жуық теңге жинады, деп хабарлайды өзі де жүгіріп, осы шараның ішкі рухын сезінген Tengrinews.kz тілшісі.
Ең әуелі марафонға тіркеліп, чипі бар реттік нөмір алу керек болатын. Ұйымдатырушылар марафонға қатысушының көмбеге жеткен уақыты мен координаталарын осы чип арқылы біліп отырады. Жүгіру шарасына қатысқандар таңертеңгі сағат 8-де Бірінші Президент саябағында сөреден шығып, Орталық стадионда көмбеге жетті.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов аталмыш марафонды ашып, салауатты өмір салтының маңыздылығын, қала тұрғындары үшін осындай шаралардың мәнділігін атап өтті.
Марафондағы бәйге түрлерін әрбір қатысушы ресми сайттан өзі таңдап алуы керек болатын. Ең батылдары 42,95 шақырымдық қашықтыққа жүгірді, ал балалар үш шақырымнан жоғары қашықтықтарда өз мүмкіндіктерін сынап көрді.
Алайда көмбедегі жүргізушілердің айтуынша, алматылықтар арасында ең көп адам қатысқаны 10 шақырымдық қашықтық болған. Кішкентай сәбилері бар ата-аналарда шет қалған жоқ. Мысалы, Динара Айтқазы күйеуімен және арбаға салып алған бір жастағы нәрестесімен көпшілікпен бірге жүгірудің қызығы мен шыжығын сезіне білді.
"Біз марафонға бірінші рет қатысып тұрмыз, мұны біздің отбасылық жалпы жетістігіміз деуге де болады. Мен балет бишісімін, жоғары деңгейлі солистпін. Күйеуім екеуміз баламызды кішкентайынан спортқа баулуды жөн көрдік. Қазақстанда отбасылық спорт дамытылуы керек деп ойлаймын. Мынау – жүгіруге арналған арнайы арба. Баланы оған бекітіп қойдық, ол жылаған жоқ, наразылық білдірген де жоқ (...) Ендігі үйреніп кетті, біз екі ай болды осылай жүгіреміз. Мен өзімді қолдайтындарды жинап алып, балалары бар аналарды жинауды жоспарлап жүрмін. Олар да жүгірсе", - деп өз ойын білдірді Динара Айтқазы Tengrinews.kz тілшісіне.
Дегенмен осы марафонда тағы да он шақты жұпты кездестіруге болатын еді.
Көмбеде үшінші Алматы марафонына қатысқандардың бәріне медаль және жейделер табысталды. Марафон қатысқандар жүгірген жол бойы жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік етті. Олар спортшыларға су мен банан үлестіріп жүрді.
Марафон нәтижесін мына жерден көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 27 мамырда Алматы ұзақ жылдардан бері бұқаралық марафон өткізіліп келе жатқан әлемдегі ірі астаналар трендіне қосылған. Алматыдағы "Бірінші болуға батылдық" атты бірінші қайырымдылық марафонына 2 500 адам қатысқан. Бір жылдан соң, 2013 жылы 28 сәуірде 6 000 адамнан астам жүгіруші сөреден шыққан болатын.
2013 жылдың аяғында "Алматы марафоны" Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) мүше болып, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен және т.б. бір қатарға тұрды.