Ұйымдастырушылар "Қазақстан Барысы-2017" жүлде қоры туралы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© sport.gov.kz © sport.gov.kz

2 шілдеде Астанада қазақ күресінен жетінші республикалық "Қазақстан Барысы" турнирінің финалы өтеді. Жарыстың алдында ұйымдастырушылар жүлделер жайында және допинг мәселелері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2 шілдеде Астанада қазақ күресінен жетінші республикалық "Қазақстан Барысы" турнирінің финалы өтеді. Жарыстың алдында ұйымдастырушылар жүлделер жайында және допинг мәселелері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Қазақ халқы үшін жеті саны әрқашанда киелі болды. Бізді қолдаған серіктестерге үлкен алғыс білдіреміз. Қазақ күресі басқа күрес түрлерімен салыстырғанда көлеңкеде болып келді, ал қазіргі уақытта ол өзінің лайықты деңгейіне жетті деп ойлаймын. Биыл жаңа өзгерістер енгіздік, ендігі кезекте "Әскер Барысы" турнирінің жеңімпаздары да бөлек марапатталады", - деді қазақ күресі Федерациясының президенті Арман Шораев. 

Кең масштабты жарыс төрт кезеңнен тұрады: ауылдық, аудандық, облыстық және финал. Соңғы кезеңге 34 спортшы шығады. Олардың барлығы допинг сынамасынан өтеді. 

"Соңғы жылдары біз допинг мәселесіне қатты назар аударып жүрміз. Өткен жылдары бірнеше балуандар шеттетілді. Алдыңғы жылы спортшылардың допинг қабылдағаны туралы күдік болды, алайда WADA соңғы сәтте өз шешімін берді, яғни спортшылардың қанында рұқсат етілмеген препараттар мөлшері нормадан төмен болды. Сол себепті біз оларды жарысқа қатыстырдық", - дейді ол.

Сондай-ақ, күрес федерациясының президенті "Әлем Барысы" халықаралық турнир өтетінін айтты. Әлемнің 50 елінен балуандар қатысады. 

Шораев өткен жылға қарағанда биыл жүлде қорының мөлшері аз болатынын айтты. Оның айтуынша, өткен жылы жарыс жеңімпазы 25 миллион теңге (шамамен 100 мың доллар) және Астанадан пәтер кілтін алған. 

Биыл финалдық кездесу "Астана Аренада" өтеді. Спорт кешені 12 мың орынмен қамтылған. Өткен жылдары осы жарыс "Сарыарқа" (10 мың орын) велотрегінде және "Дәулет" (үш мың) спорт кешенінде өткен болатын. 

Шораевтың айтуынша, 2018 жылы Астанада Жекпе-жек Сарайы ғимаратының құрылысы аяқталып, ұлттық жарыс сол жерде өтуі мүмкін екенін жария етті. 

Еске салайық, "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer