Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды © Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан бокс федерациясы Василий Левитті Олимпиада медалін алуымен құттықтайды. Оның Риодағы жекпе-жектері Василийдің әлемдік бокстың абыройлы мамандарының жоғары бағасын алды және ең бастысы қазақстандық және әлемдік жанкүйерлердің қолдауын тапты. Василий Левит Қазақстан бокс федерациясының, бапкерлер штабының және еліміздің үмітін ақтады", - делінген хабарламада. 

AIBA ережесі бойынша біз Халықаралық бокс ассоциациясының мүшесі ретінде осы ережелерді сақтауымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы қазылардың шешімін құрметтейді.  

"Василий Левит финалдық жекпе-жегінде керемет нәтиже көрсетті, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті, ол күміс медаль алса да, мемлекет оған 150 мың доллар көлемінде сыйақы береді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың шешімімен оған тағы да 100 мың доллар беріледі, сондықтан Левиттің жүлдесі алтын медальмен тең болады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети