Вице-министр ресейлік депутаттың ұсынысы жайлы: Қазақстандық спортшылар - "таза"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-министр ресейлік депутаттың ұсынысы жайлы: Қазақстандық спортшылар - "таза"

ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ресейлік депутаттың Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақыру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық Олимпиада комитеті таза спортшылардың баратынын айтып отыр. Өзімнің командам жайлы, қазіргі уақытта дайындалып, жарыстарға қатысып, қалған лицензиялар үшін тырысып жатқан спортшыларымыз жайлы айтатын болсам - олардың барлығы "таза" спортшылар", - деді Сәкен Мұсайбеков.

"Олар ешқашан допинг қолданып көрмеген спортшылар. Оларда допингке нөлдік төзімділік. Сондықтан таза спортшылар Олимпиадаға қатыса алады, біз қатысамыз, дайындалып жатырмыз", - деді әдениет және спорт министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін ресейлік депутат Виталий Милонов Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақырған болатын. "Сіздерге ниеттестіктеріңізді білдіріп, Ресей құрамасы қатыса алмаса Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын", - делінген еді Милоновтың үндеуінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети