17 наурыз 2014 | 10:49

Виктор Кумыков "Астана" командасын жаттықтыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Кумыков және Ұлықбек Асанбаев. Сурет: sports.kz Виктор Кумыков және Ұлықбек Асанбаев. Сурет: sports.kz

Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері, ресейлік маман Виктор Кумыков жуық арада "Астана" футбол клубының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Футболдан премьер-лиганың бірінші туры аясында "Шахтер" командасы сырт алаңда "Ертіспен" кездескен болатын. Бұл ойында қарағандылық команданың бас бапкері Виктор Кумыковтың көрінбегені туралы мәлімдеген едік. Сондай-ақ бұл матчта клубтың спорттық директоры Ұлықбек Асанбаевтың да клуб қатарында болмағаны анықталды. Павлодарлықтарға қарсы кездесуде кеншілерді аға бапкер Олег Корниенко алып шыққан. Sportinfo.kz порталының мәліметі бойынша, 50 жастағы маман жуық арада "Астана" командасының тізгінін ұстауы мүмкін. Кумыковпен бірге "Астанаға" Ұлықбек Асанбаев та келеді деп күтілуде. Виктор Кумыков пен "Шахтер" басшылары арасындағы келіспеушілік Қазақстан Суперкубогы аясындағы "Ақтөбемен" өткізген ойыннан кейін шығуы ықтимал. Қазақстандық БАҚ-тың жазуынша, дәл осы ойыннан кейін команданың атқарушы директоры Ерден Халилин мен бас бапкер сөзге келісіп қалған екен. Ал, "Астана" командасы болса былтыр қараша айында Мирослав Беранек кеткеннен бері бас бапкерсіз келеді. Елордалық команданың бүгінгде бас бапкерлік қызметін уақытша Григорий Бабаян атқаруда. Айта кетейік, ресейлік маманның бастамасымен "Шахтер" 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ бұл бапкермен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети