14 қазан 2018 | 13:13

Винокуров IRONMAN әлем чемпионатында жетінші орынды иеленді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Олимпиада чемпионы Винокуров Гавай аралдарында өткен IRONMAN әлем чемпионатында 10 үздік спортшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Винокуров Гавай аралдарында өткен IRONMAN әлем чемпионатында 10 үздік спортшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Гавайдағы Каилуа-Конада ұзын қашықтықтағы триатлон бойынша жылдың негізгі оқиғасы - IRONMAN әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Оған үш қазақстандық қатысады (төртінші спортшы стартқа шықпады). Негізгі қатысушылардың бірі олимпиада чемпионы Александр Винокуров жетінші орынды иеленді.

Гавайдағы IRONMAN чемпионаты - әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі. Негізгі қиындықтар - ылғалдылықтың жоғары болуы, ыстық ауа, жел мен ыстық асфальт. Бұл жарысты нағыз сынаққа айналдырады.

Дәстүр бойынша, барлық қатысушы 3,8 шақырым жерді жүзіп және 180 шақырымдық вело кезеңнен өткеннен кейін 42,195 шақырымды жүгіріп өтуі керек.

Винокуров бірінші кезеңді 1:13:52 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол 45-49 жас аралығындағы қатысушылардың ішінде 212-нші болды. Алайда велосипед жарысына келгенде олимпиада чемпионы қалып қалған 23 минутын қуып жете алды. 180 шақырымды 4:18:06 уақытта еңсерген Винокуров бірінші болып келді.

Бірақ марафонда алдыңғы орынды сақтап қала алмады. Көрнекті спортшы 3:33:35 уақытта 42,195 шақырымды жүгіріп шықты. Соңғы нәтиже бойынша Винокуров жетінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, жарысқа тағы екі қазақстандық - Екатерина Шатная және Нағима Керімбаева шықты. Қазір олар марафонды жалғастырып жатыр. Олардың нәтижесі аяқталғаннан кейін мәлім болады.

IRONMAN секілді жарыстар алғаш рет 1978 жылы өткізілді. Сол кезде де ол Гавайда болған. 15 адам қатысқан турнирдің негізгі идеясы - жүзуші, велосипедші мен марафоншылардың арасында ең төзімді спортшыны анықтау болды.

Содан бері IRONMAN жеке спорт түріне айналды. Ұзақ триатлон бүкіл әлем спортшылары арасында тез танымалдыққа ие болды. Көпшілік оны дін деп те атай бастады. Ал жыл сайын мыңдаған спортшы ұмтылатын гавайлық Каилуа-Кона тиісінше Мекке деп саналады.

Ұйымдастырушылар спортшылардың көп келуінен іріктеу ережелерін күшейтуге мәжбүр. Бұл көбіне қауіпсіздік үшін жасалады. Слотты алудың кейбір әдістері де алынып тасталды. Лотереялар мен аукциондар әлі де жүргізіліп тұрады, бірақ жолдаманың құны Алматының орталығындағы жаңа пәтердің бағасымен тең. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети