Винокуров Олимпиада тарихында қалған қазақстандыққа сыйлық жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Винокуров Олимпиада тарихында қалған қазақстандыққа сыйлық жасады Фото: ©ҚР ҰОК, Владислав Семенов

2022 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Абзал Әжғалиев 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровпен кездескені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Абзал Әжғалиев 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровпен кездескені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасында өз өнерімен тарихта қалған Әжіғалиев өзіне сыйлық жасаған атақты Винокуровпен қалай танысқаны туралы Instagram-да жазды.

Әжғалиевтің айтуынша, ол қазақ велоспорты аңызының үйінде қонақта болған.

"Бұл күн менің есімде ұзақ сақталады!

Кешегі жазбадан бір күн өтепей, бүгін түстен кейін маған бейтаныс нөмір қоңырау шалды. Ол Александр Винокуровтың өзі болып шықты. Ол менің жазбамды оқып, Олимпиададағы жоғары нәтижеммен құттықтау үшін үйіне шақырды. Мен үшін оның қоңырауы тосын сый болды. Маған @vinobike велосипедін сыйлайды деп тіпті ойламадым!

Әлемдік велоспорттың аңызға айналған чемпионы және нағыз тұлға @alexandrvinokurov-қа алғысымды айтамыні! Біздің спортқа жасап жатқан істеріңіз үшін және маған көрсеткен қолдауыңыз үшін рақмет", - деп жазды спортшы.

Белгілі велошабандоз Әжіғалиевке сыйлаған велосипед жаңа жеңістерге жетуіне септігін тигізетінін тілеп, жауап берді.

"@abzal_azhgaliyev-пен жылы кездесу болды. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсеткені үшін бүкіл спорт қауымы атынан алғыс айтып, әлем чемпионатына сәттілік тіледім. Бұл @Vinobike велосипеді сәттілік әкеліп, жеңіске жетуге көмектеседі деп сенемін! # teamkz", - деді Винокуров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abzal Azhgaliyev (@abzal_azhgaliyev)

Бейжің Олимпиадасында Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден төртінші орын алып, медальға бір қадам жақындады. 500 метрге шорт-тректен жекелей сында финалға шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде тарихта қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети