24 қараша 2016 | 14:59

Вице-министр Ильиннің ағзасына допингтің қандай жолмен түскен болуы мүмкін екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports.kz © Sports.kz

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсабеков Илья Ильиннің мемлекеттік жұмыстан кетуі туралы жағдайға өз көзқарасын білдіріп, спортшының қанында тыйым салынған заттардың қандай жолмен пайда болған болуы мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсабеков Илья Ильиннің мемлекеттік жұмыстан кетуі туралы жағдайға өз көзқарасын білдіріп, спортшының қанында тыйым салынған заттардың қандай жолмен пайда болған болуы мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұның бәрі біз үшін таңғалатын жағдай. Мен мақтаныш тұтып жүрген адамым үшін жаным ауырады. Мен оның Бейжіңде өнер көрсеткенін көрдім, Лондонда өзім болдым, Олимпиада чемпионы болған сәттерде. Оған да, спорт үшін жауапты министрлік қызметкерлері ретінде бізге де ауыр. Министрдің өзі - Мұхамадиұлына - ауыр тиді, маған да", - дейді Мәжіліс отырысының үзілісінде Мұсайбеков журналистерге. 

"Ол допинг болғаны туралы айтпайды. 2008 жылы сынама өткізілді, біздің спортшылар таза болды. Лондонда тапсырдық - таза болды, 2013 жылы спортшылардың қанында, ағзасында тыйым салынған заттардың барын анықтаудың жаңа әдісі пайда болды. Өкінішке қарай, қандай жолмен түскенін білмеймін. Бірақ, мен спорттық тағамдар, қоспалардан болды деп ойлаймын. Ол кезде ондай анықталмайтын, бірақ, жаңа технология, жаңа әдістер, өздеріңіз түсінесіздер ғой. Кейін бұл препараттардың барлығы біздің спортшылардың қанынан табылды", - деді Мұсайбеков. 

"WADA кодексі бар (...) Егер ол допинг қабылдап, жарыстан шеттетілсе, ол әлі шеттетілген жоқ, бұл Халықаралық ауыр атлетика тарапынан болады. Осыдан кейін ол спорт саласында қызмет ете алмайды. Сондықтан ХОК-тан хат келгенше ол кеңесші болып істеген еді. Хат келгеннен кейінгі бұл іс өзінің тарапынан болды, ешкім ештеңеге мәжбүрлеген жоқ. Бұл Илья Ильиннің ер адамға лайық ісі. Ол білім алғысы келеді, мүмкін бизнеспен айналысып көреді. Оған бәріміз қолдау көрсетейік!" - дейді вице-министр.

"Біріншіден, ол осындай қадамға барған нағыз ер. Шықты, баспасөз мәслихатын өткізді. Иә, ол Бейжіңде ұтқан жүлдесін қайтармайды. Ол өзіне қатысты ХОК шығарған шешіммен келіседі. Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитетіне қатысты болғандықтан бұл шешімдерді жоққа шығарудың пайдасы жоқ", - дейді министрдің орынбасары. 

Сәкен Мұсайбеков ведомство қазақстандық спортшылар допинг пен тыйым салынған заттарды қолданатын болса, ол үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, қазақстандық спортшыларды сыйақылар мен пәтерлерінен айырмайтынын айтты. 

Еске салайық, кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылғандықтан, жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алған болатын.

Ал кейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді

Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырып, Алмас Өтешіовтың нәтижесін жойған болатын. Кейін тағы бес спортшы Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седовтардың (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған) жетістігін жою мен жарыстан шеттетілетіні туралы хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети