01 наурыз 2017 | 14:37

Владимир Путин Алматыдағы Универсиада-2017 ойындарының ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин Ресейдің 2019 жылы Красноярскіде өтетін қысқы Универсиада ойындарына жақсы жағдай жасау керектігін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Владимир Путин Ресейдің 2019 жылы Красноярскіде өтетін қысқы Универсиада ойындарына жақсы жағдай жасау керектігін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бүгін Ресей Президенті "Биатлон академиясы" спорт орталығына барды. Владимир Путин онда Алматыда өткен қысқы Универсида ойындарының жеңімпаздарымен кездесті.

"Қазақстан Универсиада ойындары жоғары деңгейде өту үшін барлығын жасады. Мен сіздер осы сөздерімді растайды деп сенемін", - деді Путин спортшыларға.

Сондай-ақ, Путин спортшылармен кездесу барысында осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін айтып өтті.

"Біз де 2019 жылы Красноярскіде өтетін қысқы Универсиада ойындарына осындай жағдай жасауға тырысамыз. Және мен сіздердің кейбіреулеріңіз Универсиадада тағы да өнер көрсетеді деп сенемін", - деді Ресей Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети