Волейболдан әлем біріншілігі кезінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Италияда өтіп жатқан волейболдан әлем біріншілігі барысында Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Италияда өтіп жатқан волейболдан әлем біріншілігі барысында Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы.

Бұл жайт Қазақстан мен Голландия командалары арасындағы кездесу барысында болған. Шара барысында Қазақстанның ескі әнұраны неліктен қойылып кеткені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанның әнұранына қатысты мұндай жайттар бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Қыркүйек айының басында "Алматы" және "Бейбарыс" хоккей командалары арасындағы матчтың ашылуында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды. 7 қыркүйек күні болған ойын барысындағы бұл олқылыққа Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының әкімшілігі жол берген. Қазақстанның көне әнұраны бірнеше секунд ойналғанымен, оны ойынның жүздеген көрермені және матчты теледидардан тамашалаған мыңдаған адам естіді.

Одан бөлек,  осыған ұқсас жайт Мәскеуде ЦСКА мен "Барыс" арасындағы матчында болған еді. Ойын 2013 жылдың қараша айында ЦСКА мұзды спорт сарайында өтті. Бұдан кейін Мәскеу командасының өкілдері астаналық клубтан және барлық қазақстандықтан кешірім сұрады.

Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 23 қыркүйек пен 12 қазан аралығында өтеді. XVIІ рет өтіп жатқан байрақты бәсекені Италияның Рим, Милан, Триест, Модена, Бари және Верона қалалары қабылдайды. Жалпы биылғы әлем чемпионатына 140 елдің арасынан іріктеуден іркілмей өткен 23 команда және алаң қожайындары ретінде Италия құрамасы қатысады. Бас-аяғы - 24 команда. Бұл командалар жеребе бойынша алты-алтыдан төрт топқа бөлінген. Жеребенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "С" тобына түсті. Қарсыластарымыз – АҚШ, Ресей, Таиланд, Нидерланды және Мексика волейболшылары. Алғашқы кездесуді біздің қыздар Голландия құрамасына қарсы өткізіп 0:3 (25;21, 25;17, 25;21) есебімен жеңіліп қалды. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең АҚШ құрамасына қарсы өткізеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro