Хабиб Нурмагомедов үш жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов үш жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін © fighttime.ru

Хабиб Нурмагомедов үш-төрт жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы оның әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов YouTube желісіндегі Fight Nights Global-каналына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "РБК Спорт".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов үш-төрт жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы оның әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов YouTube желісіндегі Fight Nights Global-каналына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "РБК Спорт".

Нурмагомедовтардың үлкені Хабибтың келесі қарсыласы Тони Фергюсон болуы керектігін айтады. Әкесінің айтуынша, осы кездесу UFC тарихындағы ең үздік болуы тиіс. 

"Бұл наурыз-сәуірде болуы мүмкін. Менің ойымша, оның қарсыласы Фергюсон болуы керек. Бұл UFC үшін ең ірі әрі промоушен тарихындағы ең тартысты кездесу болатыны анық. Не үшін екенін түсіндірейін: қатарынан 12 кездесуде жеңімпаз болған ешкім жоқ, тек екеуінде ғана бар. Хабиб 28 жекпе-жекте жеңімпаз атанған. Осы кездесу Ресейде өткенін қалаймыз",  деді спортшының әкесі. 

2018 жылдың сәуір айында Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта абсолюттік аралас жекпе-жек чемпионатында (UFC) чемпион атанды. Осыдан кейін ол титулды екі рет қорғады. Ал бір жылдан кейін ол американдық Дастин Порьеден басым түсті.

Нурмагомедовтың активінде 28 кездесуде 28 жеңіске жетті. Ол салмақ дәрежесін сепке алмағанда, UFC  рейтингісінде екінші файтер болып есептеледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети