Хакерлер допинг қолданған танымал 11 спортшының есімдерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хакерлер допинг қолданған танымал 11 спортшының есімдерін жариялады

Fancy Bears хакерлер тобы өздерінің сайтында Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінен тыйым салынған заттарды қолдануға рұқсат алған тағы 11 спортшының есімдерін жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Fancy Bears хакерлер тобы өздерінің сайтында Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінен тыйым салынған заттарды қолдануға рұқсат алған тағы 11 спортшының есімдерін жариялады.

Тізімде бес елдің - Ұлыбритания, Дания, Австралия, Испания және Германияның спортшылары бар. Сондай-ақ, сайтта жарияланған тізімде олардың қандай заттарды қолданғаны да жазылған.

Хакерлердің айтуынша, допинг қолданған спортшылардың ішінде бокстан Лондондағы және Риодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Никола Адамс, төрт дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы,  велосипедші Лора Тротт, әлем және Еуропа чемпионы, Риода жүзуден күміс жүлдегері Шивон-Мари О’Коннор, академиялық есуден 2-орынды иеленген Оливия Карнеги-Браун (осы төртеуі де Ұлыбританияның спортшылары) .


Никола Адамс


Лора Тротт


Шивон-Мари О’Коннор


Оливия Карнеги-Браун

Сондай-ақ, допинг қолданған спортшылардың тізімінде дат спортшысы Джанетт Оттесен, австралиялық Ким Бреннан (әлем чемпионы, есуден олимпиада чемпионы), Александр Белоногов (академиялық есу) пен Джек Бобридж (велосипедші, Лондондағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері), испаниялық Мирея Бельмонте Гарсия (2016 жылғы олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, жүзуден 11 дүркін Еуропа чемпионы) және Германия атынан қатысқан тағы екі спортшы  Юлиан Юстус (ату) пен Лаура Зигемунд (теннис) бар.


Джанетт Оттесен


Ким Бреннан


Александр Белоногов


Джек Бобридж


Мирея Бельмонте Гарсия


Юлиан Юстус


Лаура Зигемунд

Айта кетейік, осыған дейін де Fancy Bear хакерлер тобы сынамасынан тыйым салынған заттар табылған Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушыларының тізімін жариялаған болатын. Тізімде Рио ойындарының күміс жүлдегері атанған ресейлік боксшы Миша Алоян бар. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан болатын. Сайттағы құжаттарға сәйкес, 21 тамызда ресейлік боксшыдан алынған сынамадан тыйым салынған туаминогептан заты табылған. 

Сондай-ақ, ресейлік хакерлердің осы мәліметтеріне қатысты Желі қолданушылары түрлі роликтерді жариялап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети