Халықаралық күрес федерациясы атауын өзгертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық күрес федерациясы атауын өзгертеді Фото wrestrus.ru сайтынан

Жақында Хорватияның Дубровник қаласында Халықаралық күрес федерациясының (FILA) бюросы осы ұйымның атауын өзгертіп, жаңа логотип бекітетіні жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында Хорватияның Дубровник қаласында Халықаралық күрес федерациясының (FILA) бюросы осы ұйымның атауын өзгертіп, жаңа логотип бекітетіні жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бюро мүшелері Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling – UWW) деген атауға тоқталып, оған басым көпшілігі дауыс берген. Енді Халықаралық күрес федерациясының жаңа атауы мен логотипі 7 қыркүйек күні FILA Конгресінде түпкілікті бекітілуі керек.

Аталған Конгресс күрес түрлерінен Өзбекстан астанасында өтетін әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылады. Конгресте бекітілген бетте FILA жаңаша UWW болып өзгертіледі.

Оған дейін FILA-ның тапсырысы бойынша OLIVE GROVE компаниясы Біріккен күрес әлемі ұйымының жаңа логотипін жасап шығарады.

Халықаралық күрес федерациясының (FILA) президенті Ненад Лалович бұл жөнінде былай деп түсініктеме берді: "Мұндай қадамға бүкіләлемдік ауқымды бренд құру үшін барып отырмыз. Жаңа бренд өзінің Олимпиадалық мәртебесіне қайта қол жеткізген ұйымның қағидалары негізінде, күрес өнерінің барлық құндылықтарын бойына сіңіруі керек. Осылай іші-сыртымызды сәйкестендіру арқылы күрестің болашағын рухтандыруға тағы бір мүмкіндігіміз туындайды."

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети