Якутияның Олимпиада чемпионы, "Триумф" спорт кешенінің жетекшісі Павел Пинигин еркін күрестен халықаралық турнир кезінде Қазақстан құрамасының мүшесін суретке түсірмей, итеріп жіберді, - деп хабарлайды News.ykt.ru.

Басылымның мәліметінше, Қазақстан құрамасының өкілін Пинигин турнир жеңімпаздарын марапаттау сәтінен кейінгі суретке түсу шарасында итеріп жіберген. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр.
Якутияның спорт министрі Михаил Гуляев NVPress басылымына берген сұхбатында марапаттау сәтінде артық адамдардың болмауы керектігін айтты. "Жас спортшы өзінің жас екенін ұмытып кеткен болуы керек. Павел Павлович шараның жетекшісі ретінде оған спорт әдебінің ережесін еске салды", - деді Гуляев.
Ал Панигин бұл оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді: "Марапаттау сәтінде суретке түсіріп жатқан кезде Қазақстан құрамасының өкілі кадрға ұятты ұмытып кіріп кетті. Мен оған ары тұруы керектігін айтып, ескерту жасадым, Бірақ ол тыңдамады. Оны итеруге тура келді".