Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Алматыда өткен фристайлдан могул тәртібі бойынша әлем Кубогының ақтық сынында топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Алматыда өткен фристайлдан могул тәртібі бойынша әлем Кубогының ақтық сынында топ жарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Галышева іріктеу кезеңінде 77,34 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Ал үздік 16 спортшының арасында қазақстандық 84,82 ұпаймен топ жарды. Қазақстанның тағы бір өкілі Аяулым Әміренова - 53,26 ұпаймен жиырмасыншы орынға табан тіреп, іріктеу кезеңіне өте алмады.
"Бұл соңғы жеңіс емес". Юлия Галышева алдағы жоспарлары жайлы айтты
Еске салайық, ақпанда 26 жастағы Галышева спорттық мансабында тұңғыш рет АҚШ-тың Юта штатындағы Парк-Сити қаласында өткен жарыста могулдан әлем чемпионы атанды.