Юлия Галышева (ортада) Сурет: 2014 getti images
21 жастағы қазақстандық спортшы Юлия Галышева Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан кейін спорттық ғұмырымен қош айтысады. Бұл туралы "Астана-Спорт" басылымы хабарлайды. Ақ Олимпиада ойындары барысында Юлия жетінші орынға табан тіреген болатын. Дегенмен, оның бағдарламасы төмен бағаланғаннан кейін мамандар тарапынан төрешілерге деген басы ашылмай қалған сұрақтар болды. Тіпті Галышеваның бапкерлері жарыс қорытындысы бойынша төрешілердің шешіміне арыз де берген болатын. Бірақ, техникалық тұрғыдан ешқандай дәлел болмағандықтан бұл арыз кейін қайтарылды. Өзінің спорттық ғұмыры туралы және жарыстың нәтижесіне байланысты Tengrinews.kz тілшісі спортшының өзіне бірнеше сұрақ қойған болатын: - Юлия, көңіл-күйің қалай? - Жаман емес. Өз жаттығуымды 10 ұпайлық көрсеткішке салып бағалайтын болсам 9 деген ұпай қоятын едім. Өкінішке қарай, төрешілер басқалай шешім қабылдады. - Жалпы Сочи Олимпиадасына аттанар алдында алдыңа қандай мақсаттар қойған едің? - Үшінші және алтыншы орынның аралығында болатын шығар деп жоспарлаған едім. Өйткені, Олимпиада алдында жиі-жиі шет елдерге шығып, шет елдік мамандармен де жаттықтым. Нәтижем де жаман болмады. Бірақ, өздеріңіз көргендей финалға шығу үшін аз ғана жетпей қалды ғой. - Ақ Олимпиада барысында канадалық, америкалық спотшылардан еш кем түспегеніңді сол елдің бапкерлері мен мамандары да айтып жүр. Енді көзге түскен соң алдағы жарыстарда топ жаруға мүмкіндігің де бар шығар ... - Ондай боларына күмәнім бар. Себебі, фристайл спортында төрешілердің басым көпшілігі АҚШ, Канада, Норвегия елінің өкілдері болады. Сондықтан да бұл елдердің төрешілерінен оңайлықпен жоғары ұпай ала алмайсың. - Жарыс аяқталған соң бапкерлерің төрешілер шешіміне шағым берді дегенді естідік. Аппелациядан қандай да бір нәтиже болды ма? - Бапкерлердің менің нәтижеме байланысты қарсы шағымның бергені рас. Дегенмен, одан ешнәрсе өзгермеді. Төрешілер ешқандай техникалық себептер болмады деп шағымымызды кері қайтарды. - Енді алға қойған мақсаттарың қандай? - Үлкен спорттар кетсем деген ойым бар. Олимпиада ойындарынан кейін мамыр айына дейін жаттығу жұмыстарын жасаймын. Одан кейін спорттан кетіп қалуым да мүмкін. Бірақ, әлі де толық шешім қабылдамадым. - Демек сен келесі Олимпиада ойындарына қатыспай қалуың да мүмкін ғой. Шешімді асығыс қабылдамадың ба? - Шынымды айтсам, қазір менде келесі Олимпиада ойындарына қатысамын деген жоспар мүлде жоқ. Сочи Олимпиадасы мен үшін соңғы болуы мүмкін.
21 жастағы қазақстандық спортшы Юлия Галышева Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан кейін спорттық ғұмырымен қош айтысады. Бұл туралы "Астана-Спорт" басылымы хабарлайды. Ақ Олимпиада ойындары барысында Юлия жетінші орынға табан тіреген болатын. Дегенмен, оның бағдарламасы төмен бағаланғаннан кейін мамандар тарапынан төрешілерге деген басы ашылмай қалған сұрақтар болды. Тіпті Галышеваның бапкерлері жарыс қорытындысы бойынша төрешілердің шешіміне арыз де берген болатын. Бірақ, техникалық тұрғыдан ешқандай дәлел болмағандықтан бұл арыз кейін қайтарылды. Өзінің спорттық ғұмыры туралы және жарыстың нәтижесіне байланысты Tengrinews.kz тілшісі спортшының өзіне бірнеше сұрақ қойған болатын:
- Юлия, көңіл-күйің қалай?
- Жаман емес. Өз жаттығуымды 10 ұпайлық көрсеткішке салып бағалайтын болсам 9 деген ұпай қоятын едім. Өкінішке қарай, төрешілер басқалай шешім қабылдады.
- Жалпы Сочи Олимпиадасына аттанар алдында алдыңа қандай мақсаттар қойған едің?
- Үшінші және алтыншы орынның аралығында болатын шығар деп жоспарлаған едім. Өйткені, Олимпиада алдында жиі-жиі шет елдерге шығып, шет елдік мамандармен де жаттықтым. Нәтижем де жаман болмады. Бірақ, өздеріңіз көргендей финалға шығу үшін аз ғана жетпей қалды ғой.
- Ақ Олимпиада барысында канадалық, америкалық спотшылардан еш кем түспегеніңді сол елдің бапкерлері мен мамандары да айтып жүр. Енді көзге түскен соң алдағы жарыстарда топ жаруға мүмкіндігің де бар шығар ...
- Ондай боларына күмәнім бар. Себебі, фристайл спортында төрешілердің басым көпшілігі АҚШ, Канада, Норвегия елінің өкілдері болады. Сондықтан да бұл елдердің төрешілерінен оңайлықпен жоғары ұпай ала алмайсың.
- Жарыс аяқталған соң бапкерлерің төрешілер шешіміне шағым берді дегенді естідік. Аппелациядан қандай да бір нәтиже болды ма?
- Бапкерлердің менің нәтижеме байланысты қарсы шағымның бергені рас. Дегенмен, одан ешнәрсе өзгермеді. Төрешілер ешқандай техникалық себептер болмады деп шағымымызды кері қайтарды.
- Енді алға қойған мақсаттарың қандай?
- Үлкен спорттар кетсем деген ойым бар. Олимпиада ойындарынан кейін мамыр айына дейін жаттығу жұмыстарын жасаймын. Одан кейін спорттан кетіп қалуым да мүмкін. Бірақ, әлі де толық шешім қабылдамадым.
- Демек сен келесі Олимпиада ойындарына қатыспай қалуың да мүмкін ғой. Шешімді асығыс қабылдамадың ба?
- Шынымды айтсам, қазір менде келесі Олимпиада ойындарына қатысамын деген жоспар мүлде жоқ. Сочи Олимпиадасы мен үшін соңғы болуы мүмкін.