Жаңа рекорд. Америкалық файтерге қарсыласын жеңу үшін 5 секунд жеткілікті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа рекорд. Америкалық файтерге қарсыласын жеңу үшін 5 секунд жеткілікті болды видеодан үзінді

UFC тариxындағы ең жылдам нокаут тіркелді. Бұл туралы қазақстандық журналист әрі PR-менеджер Уалихан Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC тариxындағы ең жылдам нокаут тіркелді. Бұл туралы қазақстандық журналист әрі PR-менеджер Уалихан Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір ғана Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде UFC тариxындағы ең жылдам нокаут тіркелді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Хорxе Масвидаль қарсыласы Бен Аскренді 5 секундта нокаутқа түсірді", - деп жазды Уалихан Қосанбай. 

Америкалық Бен Аскрен спорттық мансабында алғаш рет жеңілді, ол осыған дейін 19 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен еді. 

Осыған дейінгі рекорд МакГрегорға тиесілі еді. Ирландиялық спортшы Жозе Алдоны 13 секундта жеңген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети