Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап алды 2012 және 2016 жылғы суреттерден меңнің айтарлықтай үлкейгенін көруге болады. © Instagram

Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы, 20 жастағы аустралиялық жүзуші Мак Хортонды өлімнен арашалап алды. Суреттердің бірінен тиянақты көрермен спортшының кеудесінен күмәнді меңге назар аударған. Ол Аустралия құрамасының бапкеріне Хортонның меңі меланома (ерте кезеңінде табылмаған жара өлімге әкеп соғуы мүмкін - Авт.) болуы мүмкін екенін хабарлаған. Сөйтсек, бұл мең шын мәнінде қатерлі ісік болып шыққан.

"Мен дәрігерге меңімді тексертуге кеңес берген адамға шексіз алғыс айтамын. Бұл өз уақытында берілген белгі болды", - деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram желісінде 21 қазанда. Ал оған дейін Хортон Мельбурнде жараны жою бойынша операция жасатыпты. 

© instagram.com/mackhorton

Рио Олимпиадасында Хортон 400 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль алған болатын. Бұл оның тұңғыш медалі.

© Instagram/Getty Images/AFP

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети