Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең үздік жүз гроссмейстердің қатарында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең үздік жүз гроссмейстердің қатарында Жансая Әбдімәлік Гибралтарда. Сурет спортшының Инстаграм желісіндегі жеке парақшасынан алынды

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Халыраралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған тізімінде қыздар арасында 89-орынға көтерілді. Бұл туралы жас шахматшы қыздың бас хатшысы Әнуар Нүрпейісов Vesti.kz спорт порталына айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жансаяның еншісінде бүгінгі таңда 2366 ұпай бар. Осы көрсеткішінің арқасында ол Қазақстанның нөмірі бірінші шахматшысы атанды. Ол осы уақытқа дейін еліміздің үздік шахматшысы болып келген Динара Сәдуақасовадан 15 ұпай алда келе жатыр. Ал, FIDE тізімінің қыздар арасындағы көшін венгриялық гроссмейстер Юдит Полгар бастап келеді. Айта кетейік, бұрнағы күні Әбдімәлік Гибралтарда өтіп жатқан "Tradewise Gibraltar chess festival" атты ірі турнирде бақ сынауда. Сегіз ойыннан кейін біздің отандасымыздың қоржынында 4,5 ұпай бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети