Жансая Әбдімәлікке ерлер арасындағы халықаралық мастер атағы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансая Әбдімәлікке ерлер арасындағы халықаралық мастер атағы берілді

Жансая Әбдімәлік Орта Азияда және Қазақстандағы ерлер арасында ең жас шебер атағын жеңіп алды. Оған бұл атақты мерзімінен бұрын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансая Әбдімәлік Орта Азияда және Қазақстандағы ерлер арасында ең жас шебер атағын жеңіп алды. Оған бұл атақты мерзімінен бұрын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда ФИДЕ президенттік кеңесі кезінде Жансая Әбдімәлікке International Master (ерлер арасында халықаралық мастер) атағын беру туралы шешімі шықты. Жансая өзінің 17 жасында Қазақстан тарихында бірінші рет ерлер арасында мастер атағын жеңген қыз болып саналады. Бұдан тек ерлер арасында гроссмейстер атағы жоғары. Осы атаққа қол жеткізу үшін Жансая үш ірі жарыста кем дегенде үш халықаралық шебермен ойнап, қажетті ұпайды жинауы керек болған. 

Жансая Әбдімәлік 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам),  Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия).  Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. Қазіргі уақытта ТOP-100 Women March рейтингісінде 39 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде ол - 2442 орында тұр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети