12 қазан 2014 | 13:54

Зарина Диас Жапониядағы WTA турнирінің финалында Саманта Стосурдан ұтылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Жапонияның Осака қаласындағы WTA сериясы турнирінің финалында Австралия аруы Саманта Стосурдан ұтылып қалды, деп жазады Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Жапонияның Осака қаласындағы WTA сериясы турнирінің финалында Австралия аруы Саманта Стосурдан ұтылып қалды, деп жазады Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Зарина бірінші сетті өте сенімді бастаған еді. Тіпті допты ойынға қарсыласы қосқан бірінші геймде жеңіске жетті. Содан соң екінші геймде де басым түсті. Алайда қарсыласы оныншы геймде есепті теңестіре алды – 5:5. Бірінші сеттің жеңімпазы тек тай-брейкте анықталды. Өкінішке қарай, онда 9:7 есебімен Стосурдың бағы жанды.

Екінші сетте бәрі де керісінше болды. Австралия қызы брейк жасап, өзі допты ойынға қосқанда да жеңіске жетті. Әрі ол Зарина қанша тырыса да, дес бермеді. Бұл сетте сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп – 6:3.

Осы ретте айта кетейік, Қазақстан қызы финалға шыққаны үшін WTA рейтингіндегі "қоржынына" 180 ұпай қосты. Бұл тізімде ол әзірше 37-орында тұр.

Айтпақшы, бұған дейін Зарина Диас жанкүйерлердің қолдауымен Сингапурде өтетін WTA Rising Stars көрмелік турниріне іріктелініп алынған болатын. Дауыс беру бір айға созылған-ды. Ал дауыс беру екі топ бойынша жүргізілді: Әлемдік және Азия мен Мұхит жағалаулары аймағында. Әлемдік топта Пуэрто-Риконың теннисші қызы Моника Пуиг жеңімпазы болып танылды. Оны дауыс берушілердің 20,65 пайызы қолдапты. Екінші орынды 16,47 пайыз дауыспен Америка аруы Шелби Роджерс иеленді. Азия мен Мұхит жағалаулары аймағында Қытай қызы Чжен Сайсай 17,72 пайыз дауыспен үздік шықты. Ал Зарина Диас 15,74 пайыз дауыс жинады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети