01 шілде 2014 | 21:28

Зарина Дияс пен Ярослава Шведова "Уимблдонның" ширек финалына шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші қыздар Зарина Диас пен Ярослава Шведова Ұлыбритания жерінде өтіп жатқан дәстүрлі "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші қыздар Зарина Диас пен Ярослава Шведова Ұлыбритания жерінде өтіп жатқан дәстүрлі "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. 

Зарина Диас турнирдің төртінші кезеңінде екі сетте қорытындысы бойынша румыниялық Симона Халептен ұтылып қалды. Бұл кездесудің бірінші сеті аса тартысты басталған еді, бірақ румын қызы корттағы басымдылықты өз қолына алып, бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті де Халеп сәтті бастап, бір брэйк жасады. Одан кейін Заринаның ойыны тіпті жүрмеді. Ал, тәжірибелі Симона еш қиналмастан-ақ екінші сетті өз пайдасына шешті. Қорытындысы есеп 6:0.

Бұрнағы күні WTA рейтингінде 65-орында тұрған екінші бір отандасымыз Ярослава Шведова бұл турнирдің 1/8 финалында әлемнің 19-шы ракеткасы Сабин Лисицкимен жолығып, үш сеттің қортыныдысы бойынша 6:3, 6:3, 6:4 жеңілді. 

Айта кетейік, Дарина Диас өзінің спорттық ғұмырында тұңғыш рет "Үлкен Дулыға" қатарындағы турнирдің төртінші кезеңіне дейін өтіп отыр. Бұл турнир аясында Зарина франциялық Кристина Младенович, испаниялық Карла Суарес-Новарро, ресейлік Вера Звонареваны ұтқан болатын. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети