27 қаңтар 2014 12:21

Зарина Дияс WTA рейтингінде 40 сатыға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. ©REUTERS Зарина Дияс. ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 40 сатыға көтерілді, деп хабарлайды отандық Vesti.kz спорт сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Жиырма жастағы жерлесіміз өткен аптада Аустралияда өткен Australian Open турниріне қатысып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен болатын. Тіпті үшінші кезеңге дейін жетіп, әлемдік теннистің үздік ондығына енетін румыниялық ару Симоне Халептен жеңілген. Сөйтіп, осы жетістігінің арқасында WTA рейтингінде 152-ші сатыдан 112-орынға көтерілді. Сондай-ақ, тағы екі теннисшіміз рейтингтегі жағдайын түзей алды. Нақты айтсақ, Галина Воскобоева 77-ші сатыдан 71-орынға жоғарыласа, Ярослава Шведова үш сатыға өрлеп, 79-орынға тұрақтады. Ал Юлия Путинцева рейтингтегі он саты орнын жоғалтып, 122-орынға төмен сырғыды. Жалпы, әйелдер рейтингінің алғашқы ондығында бірқатар өзгерістер бар. Мәселен, Australian Open додасының төртінші айналымында словакиялық Доминика Цибулковадан жеңіліп қалған ресейлік Мария Шарапова екі сатыға төмендеп, үшінші орыннан беске сырғыды. Нәтижесінде ресейлік теннисшіні WTA рейтингінде Australian Open додасының жеңімпазы қытайлық Ли На мен польшалық Агнешка Радваньска озып кетті. Айтпақшы, Радваньска да Australian Open турнирінің жартылай финалында словакиялық сұлу Доминика Цибулковадан жеңіліп қалған болатын. Цибулкованың өзі рейтингте 24-ші сатыдан 13-орынға өрледі. WTA рейтингінің 27 қаңтар күнгі көрсеткіш: 1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 13000 ұпай, 2 (2). Виктория Азаренко (Беларусь) - 6581, 3 (4). Ли На (Қытай) - 6570, 4 (5). Агнешка Радваньская (Польша) - 5750, 5 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 5416, 6 (6). Петра Квитова (Чехия) - 4745, 7 (7). Сара Эррани (Италия) - 4440, 8 (8). Елена Янкович (Сербия) - 4310, 9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 4030, 10 (11). Симона Халеп (Румыния) - 3760, ...71 (77). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 863, 79 (82). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 771, 112 (152). Зарина Дияс (Қазақстан) - 574. 122 (112). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 510.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети