24 қыркүйек 2014 | 15:00

Зерттеуші қазақ күресінің атауын өзгертуді ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алдағы уақытта қазақ күресінің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қазақтың балуандар күресін зерттеуші Елемес Әлімханұлына сілтеме жасап хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы уақытта қазақ күресінің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қазақтың балуандар күресін зерттеуші Елемес Әлімханұлына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақ күресін әлем бойынша дамытуда бір кілтипан бар", - дейді ұлттық күресті зерттеуші Елемес Әлімханұлы. "Қазақ күресі өзбектің курашы, қырғыздың алышы, татардың белбеу күресі секілді спорт түрлерімен бірге иық тірестіре алады. Дегенмен көп жағдайда ұлт атауының спортпен бірге айтылуын кейбір мемлекеттер мақұлдай бермейді екен. Мұның барлығы күні ертең Олимпиада мен Азия ойындарының бағдарламасына енуіне кедергісін келтіреді.

Айта кететін жайт, грек-рим күресі де екі халықтың атауын иеленген. "Бұл жерде қазақ күресін бірнеше ұлтқа тели алмаймыз", - деген Әлімханұлы ұлт спортының атауын қайта қарау керек деген идеяны алға тартады. 

"Еліміздегі балуандар күресі әлемдік деңгейге шыққаннан кейін түрлі кедергілер кезігіп отыр. Зерттеулер бойынша, 1928 жылға дейінгі құжаттарда "қазақ күресі" деген атау кездеспейді. Кезінде ол "қазақша күрес" деп аталатын. Ал "қазақ күресі" деген атау 2000 жылдардан бастап қалыптасты. Күрес "балуандық күрес", "жекпе-жекке шығу", "күш сынасу" деген атаулармен кездеседі. Бүгінде әлемдік деңгейге шығып отырмыз. Мысалы, күрестің дзюдо, таэквондо секілді жапондарға тән түрі бар. Бір елдің спорты бола тұра сол елдің атымен аталмайды. Қазақ күресі деген атауда да осындай мәселе туындап отыр. Біз қазақ күресін дамытуда бір ұлттың атына телуге шетелдік заңнама, талаптар сәйкес келе бермейді. Күрес атауына үрке қарамаса да түсінбей жатады", - деді бүгін "Қазақ күресін дамыту қоры" өткізген баспасөз мәслихатында қазақтың балуандық өнерін зерттеуші Елемес Әлімханұлы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қазақ күресінің тарихи атауына қайта оралуымыз керек. Сонда ұлт спортын әлемдік деңгейде дамытып қана қоймай, оның Олимпида ойындарының бағдарламасына кедергісіз енуіне де мүмкіндік тумақ.

Биыл "Әлем барысы" атты турнир алғаш рет Павлодар облысында өтеді. Шарт бойынша қатысушы мемлекеттің 90 келіден жоғары салмақтағы түйебалуандары осы сында өзара мықтыны анықтайды. Жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 150 мың доллар табысталады. Қазақстаннан бөлек, бұл жарысқа 32 мемлекеттің балуандары қатысатыны анықталды. 

Сонымен қоса, құрлықтың "Еуразия барысы" қараша айының 22-сі күні Тараз қаласында екінші мәрте өтеді. "Онда ел чемпионатында топ жарған балуандар бақ сынайды. Бәсекеге Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина құрамалары қатысып, өзара жеңімпазды анықтайды", - дейді ұйымдастырушылар. Айта кететіні, "Еуразия барысының" жүлдесі "Әлем барысынан" төмендеу. Жалпы, жүлде қоры – 100 мың доллардан аспайды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети