08 тамыз 2016 | 07:37

Зілтемірші Арли Чонтей Рио Олимпиадасында қола медальға бір табан жетпей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыратлет Арли Чонтей Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қола медальға бір табан жетпей қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыратлет Арли Чонтей Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қола медальға бір табан жетпей қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұлқа көтеруде Чонтей 132 келі еңсеріп, бесінші орында болды. Ал серпе көтеруде қазақстандық сәттірек өнер көрсетті. Бірінші мүмкіндігінде ол 148 келіні көтерсе, өкінішке қарай, кейінгі екі жағдайда 153 және 154 келілерді еңсере алмады. 

Осылайша Чонтей 278 келімен төртінші орында тұрақтады. Бұл салмақта қытайлық Лун Цинюан 307 келі көрсеткішпен бірінші орын, КХДР өкілі Ом Юн Чхол 303 келімен екінші орын, ал тай спортшысы Синфет Круаитонг 289 ұпаймен үшінші орын алды. 

Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Чонтей жарыс кезінде басы айналғанын айтып берді. "Қазір жағдайым жақсы, Иә, медальға сәл жетпей қалдым. Помостқа шыққанда басым айналды. Өзімді жаман сезіндім. Сондықтан көтере алмай қалдым. Қазір жақсардым", - деп хабарлады Чонтей. 

Өз кезегінде Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни шәкіртінің осы жағдайына қатысты әңгіме қозғады. "Жұлқа көтеруден кейін төртінші орын болу үшін қанша көтеру керек екенін дұрыс санамадық. Жоқ, тіпті бесінші. Бесінші болады деп ойладық. Бірінші мүмкіндігінде ол еңсеріп, бесінші болды. Вьетнамдық атлет мүмкіндігін пайдаланып кеткенде, бесінші болар еді. Кейін 154 келі, есеңгіреп қалды... Үлкен салмақ еді, кеудесіне алғанда, ұйқы артериясын басып жіберді. Жалпы алғанда, Чонтейдің бар мүмкіндігі осы еді. 151 немесе 152 көтеру керек еді. 153 көтергеннен кейін бәрі бітті. Осыдан кейін қоя салу да керек еді... Қарсыластарға жету қиын болды. Кеше Елисеева 50 пайыз ғана мүмкіндігін пайдаланса, Чонтей бар 100 пайызын көрсетті. Көрпеңе қарай көсілу керек", - деді ол. 

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасына сегіз адамды жіберді. Олар: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін), Маргарита Елисеева (48  келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети