Жүлде қоры миллион доллар CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүлде қоры миллион доллар CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді Бектияр Бахытов. © hltv.org

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) жарысында қазақстандық AVANGAR командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Польшада өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) жарысында қазақстандық AVANGAR командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Польшада өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар. 

Топтық кезеңнің екінші ойынында қазақстандық киберспортшылар бразилиялық FURIA eSports командасын 16:14 есебімен жеңді. Fitch нигімен ойнайтын алматылық Бектияр Бахытов кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның рейтингі - 1,33. 

Осыған дейін, бірінші ойында AVANGAR 8:16 есебімен аустралиялық Renegades командасынан жеңілген еді. Қазіргі уақытта қазақстандық команда топта тоғызыншы орында тұр. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді. Келесі ойында AVANGAR француздың G2 Esports киберспортшыларымен кездеседі. 

Турнир Польшаны Катовице қаласында 14 ақпан - 3 наурыз аралығында өтеді. Айта кетейік, тағы екі қазақстандық негізгі кезеңде өнер көрсетеді. Еліміздің үздік киберспортшысы Дәурен Adren Қыстаубаев FaZe Clan командасының намысын қорғайды, ал оның бұрынғы серіктесі Абай Hobbit Хасенов HellRaisers командасында ойнайды. 

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандықтар рейсейлік Gambit командасы сапында киберспорттан Краков қаласында өткен мәртебелі жарыста жеңіске жеткен еді. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети