Зүлфия Чиншанло маған хат жазды: "Токиода барлығын жеңемін!" - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зүлфия Чиншанло маған хат жазды: "Токиода барлығын жеңемін!" - Алексей Ни © fanatik.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни болашақта Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанлоның қайтып оралатыны жөнінде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни болашақта Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанлоның қайтып оралатыны жөнінде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Маусым айының ортасында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Чиншанлоны және тағы үш қазақстандықты жарыстардан шеттеткен болатын. Олимпиада-2012 ойындарындағы допинг сынамасын қайта тексергеннен кейін осындай шешім шығарылған. Оларды жазалау шаралары әлі күнге дейін шыққан жоқ. 

Нидің айтуынша, Чиншанло мансабын аяқтау жайлы ойланып жүрген жоқ, ол 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.

"Маған Зүлфия хат жазды. "Сіз менің салмағымда өнер көрсеткендерді көрдіңіз бе? Токиода мен барлығын жеңемін".  Хатының соңына тапанша смайлын жіберіпті. Қазір турнир аяқталсын, үйге қайтып, жұмысты бастаймыз. Қыздар арасында Зүлфия өнер көрсететін салмақ дәрежесіндегі спортшылар өте әлсіз", - деді Ни.

Еске салайық, 48 келі салмаққа дейін Риода Қазақстан намысын Зүлфия Чиншанлоның орнына Маргарита Елисеева шығып, бесінші орын алған еді. Бас бапкердің айтуынша, оған Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсеткен Маринаға тәжірибе аздық еткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети