“Әрқашан жарқырап жүретін“: журналист Мысырда қаза тапқан қазақстандық туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуар Шәлекеновтің парақшасынан Әнуар Шәлекеновтің парақшасынан

Қазақстандық журналист Әнуар Шәлекенов Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, қаза тапқан әйел туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық журналист Әнуар Шәлекенов Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы құлап, қаза тапқан әйел туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмарал Мұқанова - менің кіндік шешем, ол - менің анамның жақын құрбысы, олар бала кезінен дос болған", - деді журналист.

Оның айтуынша, марқұм Ақмарал Мұқанова ұзақ жыл бойы Ақтөбе облысының Ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Ол зейнетке шығып, кейін бірнеше жыл Астанада ұлымен бірге тұрған.

Журналист оның кіндік анасы өте мейірімді әйел болғанын айтты.

"Ол әрқашан жарқырап жүретін, сапарға шыққанды жақсы көретін, ұлымен жиі саяхаттады", - деді журналист.

Оның сөзінше, қайғылы оқиға кезінде әйел ұлымен бірге болған, ұлы әлі де Мысырда.

"Жексенбіде осы жаңалықты естідік. Шынымды айтсам, өте ауыр", - деді Шәлекенов.

Еске салайық, бұған дейін Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жолаушылардың үстіне жарнама тақтасы құлағаны хабарланды. Қайғылы оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, тағы екі адам жеңіл жарақат алды.

Әуекомпания мәліметінше, барлығы төрт адам зардап шеккен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная