Жолаушы ұшақ салонындағы тарақандарды видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Spirit Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ бортынан жағымсыз жайтты көргеннен кейін бұл компанияның қызметін енді ешқашан пайдаланбайтынын мәлімдеді. Ол өз орнының маңында тарақандар жүргенін байқаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Spirit Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ бортынан жағымсыз жайтты көргеннен кейін бұл компанияның қызметін енді ешқашан пайдаланбайтынын мәлімдеді. Ол өз орнының маңында тарақандар жүргенін байқаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.

"Енді ешқашан отырмаймын"

X (бұрынғы Twitter) қолданушысы @symonebeez Аналар күні ұшқан рейс кезінде түсірілген видеосын жариялады. Видео 8 миллионға жуық қаралым жинаған. Кадрлардан екі тарақан ол отырған орын маңында жорғалап жүргені көрінеді.

"Мен кең орын алып, жайлы отырамын деп ойлағанмын, бірақ менімен бірге тарақандар болады деп күтпеппін", – деп жазды ол.

Экипаж реакциясы

Жолаушының айтуынша, ол бортсерікке жүгініп, жәндіктерді алып тастауды сұраған, бірақ жауап болмағанын айтты.

"Ол жай ғана орнына кетіп қалды. Мүлде мән бермеді", – дейді қыз. Оның айтуынша, дәл осы әрекет видеоны әлеуметтік желіге салуға итермелеген.

Spirit Airlines жауабы

Кейінірек әуекомпаниясы жолаушыға жеке хабарлама арқылы кешірім сұрап, жағдайды түзеткісі келетінін жеткізген. Қызға келесі рейске 60 доллар депозит ұсынылған, бірақ ол бас тартқан: "Мен Spirit-пен енді ешқашан ұшпаймын", – деді ол.

Кім кінәлі?

Сарапшылардың айтуынша, көп жағдайда тарақандар ұшаққа әуекомпаниясы арқылы емес, жолаушылардың өздерімен бірге – қол жүгінде келеді. Delta Air Lines-пен жұмыс істеген энтомологтың айтуынша, жәндіктердің негізгі көзі – жолаушылардың сөмкелері.

Алайда ол дезинсекция үшін жауапкершілік бәрібір әуе тасымалдаушыда екенін атап өтті: Delta секілді ірі компаниялар мұндай проблема туындаса рейсті кейінге қалдыруы мүмкін, ал басқалары дезинсекцияға ақша үнемдейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная