Соңғы сапар: Таиландта автобус апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Тайландтың шығысында қайғылы оқиға болды: туристік автобус тежегіштің істен шығуына байланысты апатқа ұшырады. Қаза болғандар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тайландтың шығысында қайғылы оқиға болды: туристік автобус тежегіштің істен шығуына байланысты апатқа ұшырады. Қаза болғандар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Reuters мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған. Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Автобуста барлығы 49 адам болған, олардың барлығы Тайланд азаматтары.

"Жол еңіс жерде орналасқан, тежегіштер істемей қалып, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус аударылып кеткен", - деді полиция полковнигі Софон Праманихе.

Апат Прачинбури провинциясында, Бангкоктан 155 шақырым қашықтықта болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар таралып, кадрларда құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің зардап шеккендерге көмектесіп жатқаны көрсетілген.

Тайланд премьер-министрі Пэтонгтан Чинават қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жан-жақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

"Егер автобус қауіпсіздік талаптарына сай келмесе немесе жүргізуші ережелерді бұзған болса, кінәлілер жазасын алады. Мұндай трагедиялардың қайталануына жол бермеуіміз керек," – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная