03 қаңтар 2018 | 16:12

2018 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болды, ал жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) - 28 284 теңге болды. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс мөлшері де өзгерді - 28 284 теңге. Tengrinews.kz АЕК-тің артуына байланысты қазақстандықтардың жәрдемақысы қалай өзгеретінін есептеді. 


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болды, ал жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) - 28 284 теңге болды. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс мөлшері де өзгерді - 28 284 теңге. Tengrinews.kz АЕК-тің артуына байланысты қазақстандықтардың жәрдемақысы қалай өзгеретінін есептеді. 

Еgov.kz мәліметі бойынша, баланың тууына байланысты бір реттік төлем (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін) ҚР "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар" туралы 10-заңына сәйкес келесідей болады:

- бірінші, екінші, үшінші балаға - 38 АЕК. Осылайша, төлем соммасы 91 390 теңге;

- бесінші және одан кейінгі балаға - 63 АЕК немесе 151 515 теңге.

Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төлемдер (жұмыс істемейтін адамдар үшін):

- бірінші балаға - 5,76 АЕК - 13 852,8 теңге;

- екінші балаға - 6,81 АЕК - 16 378,05 теңге;

- үшінші балаға - 7,85 АЕК - 18 879,25 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаға - 8,90 АЕК - 21 404,5 теңге.

Тұрмысы нашар отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы: 18-ге толмаған әрбір балаға 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге.

Мүгедек баланы тәрбилеушіге жәрдемақы - 1,05 ЖТМ - 29 698,2 теңге.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне - 16 АЕК - 38 480 теңге.

ҰОС кезінде қаза (көз жұмған, хабарсыз кеткен) болған жауынгерлердің қайта отбасын құрмаған жесіріне - 4,48 АЕК - 10 775 теңге.

"Алдын алқа", "Күміс алқа" алған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана", сондай-ақ, I және II деңгейдегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға - 6,40 АЕК - 15 392 теңге.

 I, II топ мүгедектері - 1,49 АЕК - 3 584 теңге.

III топ мүгедектері - 0,64 АЕК - 1 540 теңге.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына; мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге - 1,07 АЕК - 2 574 теңге.

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен және бұрынғы КСРО-ның еңбек үшін ордендері мен медальдарымен марапатталмағандарға - 2,13 АЕК - 5 123 теңге.

Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат, ядролық қару сынақ салдарынан мүгедек болғандар және мүгедектігі ата-анасының радиация алуына қатысты балаларына - 7,55 АЕК - 18 158 теңге.

Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат салдарынан қаза болғандар отбасына - 4,59 АЕК (11 039 теңге).

1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысқандар және қауіпсіз жерге шығарылғандар, эвакуация кезінде жатырда болған балаларды қосқанда - 2,13 АЕК (5 123 теңге).

Елге ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға - 1,07 АЕК - 2 574 теңге.

Әскери қызметін атқару кезінде және бейбіт уақытта көз жұмған әскерилер отбасына - 4,59 АЕК - 11 039 теңге.

Ауғанстандағы немесе өзге елдердегі қақтығыс кезінде жарақат, контузия және сырқат салдарынан көз жұмған (хабарсыз кеткен) әскерилер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына - 4,59 МАЕК - 11 039 теңге.

"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" сыйлығына ие болған тұлғаларға - 138,63 АЕК - 333 406 теңге.

Аянбай еңбек еткені және ҰОС кезінде тылдағы мінсіз еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен марапатталғандарға - 2,13 АЕК - 5 123 теңге

Жәрдемақылардың толық тізімімен электронды үкіметтің сайтында танысуға болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети