2024 жылы қанша алматылық VIP нөмір сатып алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы қанша алматылық VIP нөмір сатып алды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматылықтардың әдемі және есте қаларлық нөмірлерге деген сүйіспеншілігі өзгеріссіз қалды. Жыл басынан бері Алматы тұрғындары қанша VIP-нөмір сатып алғаны және қай комбинациялар ең танымал болғаны туралы - Tengri Auto материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың әдемі және есте қаларлық нөмірлерге деген сүйіспеншілігі өзгеріссіз қалды. Жыл басынан бері Алматы тұрғындары қанша VIP-нөмір сатып алғаны және қай комбинациялар ең танымал болғаны туралы - Tengri Auto материалында.

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 комбинациялары ең танымал нөмірлер. Олардың бағасы 57 АЕК болады. Едәуір қымбат нөмірлер, мысалы 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 285 АЕК-ке бағаланады.

Жыл басынан бері Алматыда 5039 VIP-нөмір сатылған. Былтырғы осы кезеңде 5415 осындай нөмір сатылған болатын.

"Кейбір адамдар VIP-нөмірлердің бағасын "Азаматтарға арналған үкімет" белгілейді деп қате ойлайды. Алайда, мемлекеттік алым мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен реттелетінін және сатудан түскен барлық қаражат мемлекеттік қазынаға түсетінін атап өткім келеді", – деді №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаев.

VIP-нөмірлерді мамандандырылған ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы сатып алуға болады, егер таңдалған нөмір бос болса. Қызмет Алматыда бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Биыл қаладағы мамандандырылған ХҚКО-да 863 324 көлік құралы тіркеліп, 116 741 жүргізуші куәлігі берілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети