2025 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

2024 жыл аяқталуға жақын. 2025 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма? Tengri Life материалында.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2024 жыл аяқталуға жақын. 2025 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма? Tengri Life материалында.

Қаңтарда демалыс күндері мына күндерге сәйкес келеді:

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) - жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) - демалыс, Жаңа жыл;
  • 3 қаңтар (жұма) - жұмыс күні;
  • 4,5 қаңтар (сенбі, жексенбі) - демалыс күндері;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) - жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) - демалыс, Жаңа жыл;
  • 3, 4 қаңтар (жұма, сенбі) - жұмыс күні;
  • 5 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.

Осындай жағдай мамырда да күтіледі. Бейсенбі, 1 мамыр демалыс күні; жұма, 2 мамыр жұмыс күні болуы керек, ал 3-4 мамыр сенбі-жексенбіге сәйкес келеді. 5-6 мамыр - жұмыс күндері, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр - жұмыс күні, 9 мамыр - Жеңіс күні.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері қазір 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

"Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес мереке күндері, сондай-ақ, кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Сондықтан қазір министрлік 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп жатыр. Ол министрліктің сайтында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында талқылау үшін жарияланады", - деп жазылған хабарламада.

Алайда министрлік демалыс күндерін нақты қалай ауыстыруды жоспарлап отырғаны әлі белгісіз.

6 шілдеде атап өтілетін Астана күні де 2025 жылы жексенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай демалыс күні ауыстырыла ма?

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның 5-бабына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс саналады. Бұл жағдайда 2025 жылғы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан 2025 жылғы 7 шілде (дүйсенбі) демалыс күні болады", - деп жазылған ведомство жауабында.

Осылайша, келесі жылы шілдеде қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде демалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro