2025 жылы қанша қазақстандық баспана ала алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылы қанша қазақстандық баспана ала алады? Midjourney

2025 жылдың аяғына дейін қанша қазақстандық баспана ала алады? Бұл сұраққа Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылдың аяғына дейін қанша қазақстандық баспана ала алады? Бұл сұраққа Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, биыл Қазақстанда 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр: бұл 176 мыңнан астам пәтер. Ел бойынша 654 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтар, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен әскери қызметшілер, көпбалалы аналар мен жетім балалар, апатты үйлерде тұратындар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар.

"Биыл республика бойынша 19,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бойынша кемінде 10 мың пәтер және несиелік тұрғын үй бойынша 10 мың пәтер. Сонымен қатар, "Наурыз" бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен қосымша 20 мыңға жуық адам жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана алу мүмкіндігіне ие болады", – деді Жүнісбеков ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда 18,9 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 170,5 мың пәтер салынған.

Жалдамалы тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20 пайызы жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға беріледі. Былтыр мұндай баспананы 13 мыңнан астам кезекте тұрған адам алды. Тағы 11 мыңнан астам отбасы жалдамалы пәтердің 50 пайызын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды.

"Баспанаға мұқтаж азаматтарға әкімдіктер тұрғын үй сертификаттарын береді – бұл жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға көмектеседі. Былтыр 2,6 миллиард теңге сомасына 2,3 мың сертификат берілді. Ал биылғы алғашқы тоқсанда 580 миллион теңге сомасына 522 сертификат берілді", – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Сондай-ақ, кезекте тұрғандарға 2 пайыз және 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети