Ауыл. Балалық шақтың бал дәмін татқан әрбір адамның есіне түскенде еріксіз жымитатыны сөзсіз. Жазда шаңын бұрқыратып, қыста қол-аяғың домбыққанша асыр салып ойнаған ауылдарымыздың бүгінгі халы қалай? Елуліктің қатарына ене алды ма? Әлде енесін еме алмаған сары ала бұзаудай мөңіреп жатыр ма? Көптің көкейін тескен бұл сұрақ қазір оңайлықпен шешілмей келеді. Шешілмек тұрмақ ескі бөздей болып ыдырай бастаған кейбір ауылдан шошайған бір-екі үй ғана қалған. Үдере көшкен себебі де біреу. Жастарға жұмыс жоқ. Мектепте оқитын бала жоқ. Бар болған күннің өзінде азайып кеткен. Әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындары жоқ, мәдениет үйлері бос. Бос қалған ғимараттар жау тигендей болып қирандыға айналған. Ойлы-шұңқыр жолдары көлік біткеннің сау-тамтығын қалдырмайтындай. Малының сүмесімен күнелткен жұрт заманның көшіне де ілесуден қалған. Ғаламтор туралы естігендері болмаса, қолданып та көрмеген. «Алаш айнасын» ауыл мәселесі толғантады.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз