Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.58
EUR / KZT - 381.51
CNY / KZT - 48.32
RUB / KZT - 5.49

Қазақстанға Бэби-бокс керек пе?

14 Наурыз 2014, 18:22
0
©Gorod.lv
©Gorod.lv

 Керек! Ойнап жүріп от басқан қыз-келіншектердің тоғыз ай көтеріп, содан сон сәбиін қоқыс жәшігіне, не ит-құсқа жем қылып тастап кетуінің алдын алу үшін керек! Тумай жатып, жөргегінде тұншыққан сәбилердің Алланың өзі берген өмір сүру құқын қорғау үшін! Әйтпесе,  сәбиін өлімге өз қолымен байлап берген қандықол әйелдер көбейді. «Алаш айнасы» тілшісі дәл осы мәселені көптің талқысына салып отыр. 

 
Әлем елдерінің бэби-боксты енгізгеніне 15 жылдың жүзі болыпты. Мұндай «өмір терезелері» Германияда, Италияда, Венгрия, Оңтүстік Америка, Бельгия, Чехия, Австрия, Латвия мен Словакияда бар. Көршіміз Ресейде қалыс қалған жоқ. 2011 жылы бұл жүйені құп алыпты. Біз ше? Қоқыстан сәби табылған сайын бетімізді шымшып қашанғы отыра бермекпіз? 
 
Бэби-бокс – «өмір терезесі» аталған арнайы медицианалық жарақтандырылған мекеме. Оның  сырттан, көшеге қараған металлпластикті терезесі бар және терезенің іші арнаулы бесік-төсекпен жабдықталған. Бэби-боксті – терезені ашқан адам баланы арнаулы бесікке салады, содан сон терезе жабылады. Ал баланың келіп түскенін арнаулы сигналдар арқылы білетін болады мамандар. Бэби бокстың маңында бейнекамерада, күзет те болмайды. Мұның не жақсылығы бар дерсіз. Ең бірінші сәбиді өз анасының қолымен өлтіруден аман алып қалады. Анасы жауапкершіліке тартылмайды. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі. Сонымен қатар, көкек-ана алда-жалда ойланып, баласын қайтарып аламын десе, ДНК тапсыру арқылы және комиссиядан өтіп қайтаруына мүмкіндік берілетіндігі. 
 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай