Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 341.27
EUR / KZT - 405.60
CNY / KZT - 51.55
RUB / KZT - 5.96

"Қорғанысты күшейту - кезек күттірмейтін мәселе"

15 Мамыр 2014, 10:21
0
©mod.gov.kz фото
©mod.gov.kz фото

 Биыл Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысына қарсы бірыңғай аймақтық жүйе құрмақшы. Мақсаты – қос мемлекеттің территориялық бүтіндігін қорғау. Ресми билік өкілдері бұл жүйе тек соғыс жағдайында ғана іске қосылады дегенді қатаң ескертті. Мұндай ақпарат қоғамда біраз түсінбестіктерді тудырды. Бұған бірер күн бұрын ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов өз блогында «Қазақстанға бір де бір мемлекет дұшпан немесе қарсылас емес» деп түсініктеме беріпті. Алайда ...

«Қазақстан Республикасы бірде бір мемлекетті өзінің потенциалды жауы деп санамайды. ҚР Қорғаныс саясатының басты мақсаты – халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, елдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту, әскери шиеленістерді болдырмау және Қарулы күштер дайындығын қолдау, басқа әскер және әскери құрылымдармен Қазақстан Республикасын және оның одақтастарын қаруланып қорғау» делінеді Қорғаныс министрінің блоктағы жазбасында. Сондай-ақ министр әуе кеңістігін сенімді қорғаныспен қамтамасыз ету және әуеге қарсы қорғаныс міндеттерін атқаратын әскерді бірігіп қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әуеге қарсы қорғаныстың бірыңғай аймақтық жүйесін құру туралы келісімшартқа қол қойылды деп атап өтеді.

Ал министрдің «жау жоқ» дегені мүлде дұрыс емес деген саясаттанушы Досым Сәтбаев соңғы кездері халықаралық құқықтың, халықаралық келісімшарттардың, халықаралық кепілдіктің бұзылып жатқандығы мұның айқын көрсеткіші екенін айтады.

Досым Сәтбаев, саясаттанушы:

– Қазір геосаясатта АҚШ пен Ресей өте қауіпті ойынды бастап кетті. Қызбалыққа салынғанда шектен шығу деген болады. Ал бұл алпауыттар көп халықаралық құжаттарға кепілдік беруші екенін ұмытпалық. Олар өз ойындарын жүргізуде «Байтал түгіл бас қайғы» деген ұстаныммен кейде берген уәделерінен де таюы ықтимал. Сондықтан да біздің қауіпсіздігімізді сырттан әлдекімдер қамтамасыз етеді дегенге сенім артуға болмайды. Қазақстан көп функциональдық міндетті атқаратын қарулы, мықты әрі кәсіби әскерін жетілдіруі тиіс. Әрине, біз Ресей және Қытаймен бұл ретте бәсекелесе алмаймыз. Бұл арада мәселе санда емес, сапада. Сондықтан бүгін геосаясатта боп жатқан өзгерістерді Қорғаныс министрлігі жаңаша пайыммен қарастырып, өзіне сабақ алуы тиіс. «Өз әскеріңді асырағың келмесе, онда өзгені асырайсың» деген мақал-мәтелді ҰҚШҰ-ға (ОДКБ) қатысты айтқым келеді. Демек, ҰҚШҰ-ға арқа сүйеп, елдің әскери жүйесінде реформа жүргізбеу, меніңше, қателік. Қазір бүтін әлемге қауіп төндіруші бір держава бар. Ол – АҚШ. Осы жағынан алғанда, Қазақстан үшін қорғанысты күшейту кезек күттірмейтін мәселе.

Халықаралық келісімшарт дегенде бұл арада Будапешт келісімшарты жайлы боп отырғанын баса айта кетелік. Мәселен, бүгін шиеленісті аймаққа айналған Украина Қазақстанмен қатар бұл келісімшартты 1994 жылдың желтоқсанында ратификациялап, ядролық қарудан бас тартқан. Сол кезде АҚШ, Ресей және Ұлыбритания аталған елдердің территориясының бүтіндігіне кепілдік беріп, сырттан агрессия болса, бірінші боп көмекке келетіндіктеріне кепілдік берген. Ал бүгінгі жағдайда осы кепілдік беруші субъектілердің өздері Украинада «өзгеше ойын» ойнап жатқан жайы бар. Демек, халықаралық келісімшартқа белгілі бір деңгейде селкеу түсіп отыр. Мұны таяуда Гаагада өткен атом қауіпсіздігі бойынша саммит барысында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сөзі нақтылайды. Аталған жиында ол «бүгіндері кепілдік берген Будапешт меморандумы бұзылып отыр» дегенді ядролық державаларға қаратып айтты.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай