Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.83
EUR / KZT - 349.96
CNY / KZT - 45.13
RUB / KZT - 5.50

Ғарышқа қазақ қашан ұшады?

15 Мамыр 2014, 17:46
0
fergananews.com фото
fergananews.com фото

 Бұдан бес жыл бұрын Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов атты қазақтың екі азаматы ғарышқа ұшады дегенді естіген кезде қатты қуанып, бөркімізді аспанға атқан едік. Алайда ол қуанышымыз ұзаққа созылмады. Ресми сылтауға сәйкес, әлемді шарпыған дағдарыстың салдарынан бюджет қаржысын үнемдеуге тура келді. Сол себепті олар ғарышқа ұша алмады. Жақында Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев үш жылдан кейін Қазақстан азаматы ғарышқа аттануы мүмкін дегенді айтып қалды. Алайда оның қазақ болуы екіталай.

Естеріңізде болса, 2009 жылы екі қазақ азаматын ғарышқа ұшыру бағдарламасы жабылғаннан кейін Мұхтар Аймаханов Ресей Федерациясының азаматтығын алу арқылы өз арманын іске асыруға бел буды. Былтыр Роскосмостың басшылығы оның ресейлік ғарышкерлердің қатарында өз дайындығын жалғастыруға да рұқсат берген-ді. Ал Айдын Айымбетов Қазақстанда қалды. Ұлттық ғарыш агенттігінде ғылыми жұмысқа ауыстырылған болатын. Бірақ ол да ғарышқа ұшамын деген үмітін үзген жоқ...

Әлбетте, 2017 жылда өмірдің тағы үш жылы өтеді. Оның сыртында осы уақытқа дейін өткен бес жылды да қосыңыз. Сондықтан Айдын Айымбетовке қайтадан да йындықтан өтуге тура келеді. Бұны Ұлттық ғарыш агенттігі де жақсы түсінеді. Ал агенттік басшысы Талғат Мұсабаевтың сөзіне қарағанда, ғарышқа қазақтың ұшуы міндетті емес. Ол Қазақстан азаматы болса болды. Жақында елордада өткен баспасөз мәслихаттарының бірінде журналистердің «Қазақстан азаматын ғарышқа қашан жібереміз?» деген сауалына Т.Мұсабаев мырза: «Қызық сұрақ қоясыздар өзі, бұл пойыз немесе ұшақ емес қой, ішіне отырғызып қойып, жібере салатын», - деп өзінің «дәстүрлі» мінезіне салып бастады. Оның айтуынша, бұл - мемлекет басшылардың деңгейінде қаралатын мәселе.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай