Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қос азаматтық мәселесін көтеріп жүргендердің көксегені не?

21 Мамыр 2014, 17:56
0
i-news.kz фото
i-news.kz фото

 Өткен айда закон.кз порталында (двойное гражданство) «Интеграционная инициатива Республики Казахстан – двойное гражданство в Евразийском Союзе» атты жаңа заң жобасы жарияланған болатын. Бұл заңды дайындағандардың көздегені не? Олар осы арқылы Украинаның оңтүстік-шығысындағы тегін таратылған «төлқұжат-бомбасын» біздің елге «бейбіт» жолмен әкелуді қалап отырған жоқ па? «Алаш айнасы» осы сұрақтарды ой елегінен өткізіп көрген еді.

Аталған Заң жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесінде былай деп жазылыпты.

«Қазіргі әлемдік мемлекеттер экономикасының жаһандануындағы дүниежүзілік үдерістің даму, ТМД, Евроодақ, ЕврАзЭОд, ОДКБ, ШОС, Кеден одағын құру, ЕвразОд (ЕАС) – біртұтас саяси, экономикалық, әскери, кедендік, гуманитарлық, мәдени кеңістігі бар мемлекеттердің конфедеративтік одағы және басқа да достасқан экономикалық және әскери-саяси одақтар құру нәтижесінде, азаматтардың жаппай заңдық-ұйымдық мәселелері туындайды, бұл – барлық сала бойынша өзара кіріккен егемен мемлекеттердің өміріндегі маңызы бар қос азаматтық алу мәселесі. Қос азаматтықта көптеген өміршең мүмкіндіктер бар, әсіресе көрші елде тұрып жұмыс істейтін және де оған әлеуметтік қорғаныс, тұрақты жұмыс, білім алуға, сондай-ақ өзінің тұрақты еліне деген отаншыл сезіміне қаяу түсірмеуге, оның психологиялық және әлеуметтік жайлылығына, өзіне өзі баға беру мен өз тұлғасын сәйкестендіруге (идентификация), азаматтық ұстанымын сақтауға - шетелдік азамат үшін қолайлы (КО, ЕАО елдерінде уақытша жұмыс істеп, емделетін ҚР азаматы) – бұл ҚР үшін экономикалық және әлеуметтік пайдалы».

Сіз не дейсіз?

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Егемендік алған тұста қос азаматтықтың қажетсіздігі туралы мемлекет те, халық та жақсы түсінді. Жалпы, унитарлы мемлекеттер үшін қос азаматтықтың пайдасынан зияны көп. Украинадағы, Осетия мен Абхазиядағы оқиғалардан кейін біз қос азаматтықтың тигізер зиянын толық түсінсек керек-ті. Егер де дәл қазір Еуразиялық Одақты мысалға келтіре отырып, қос азаматтық мәселесі көтерілсе, бұл нағыз арандатушылық деп білемін. Мұндай мәселені арнайы саяси мүдделі топтар ғана жалаулатады. Мәселен, тәуелсіз ел бола салып, қос азаматтыққа шектеу қоюымыз, көші-қон мәселесін қолға алуымыз өте сәтті бастама болатын. Егер бүгін қос азаматтық алуға мүмкіндік беріп қойсақ, онда тәуелсіздігімізге қауіп төнгені. Кезінде «оралмандар деген сөзді алып тастап, орнына «отандастар» ұғымын пайдаланайық» деген бастамалар болған. Отандастар дегеніміз – бұрын Қазақстанда тұрып, көшіп кеткендер. Олардың ішіне қандастарды былай қойып, мемлекетімізден көшіп кеткен украиндер, немістер, орыстар, белорустар, т.б кіреді. Меніңше, біздің ТМД елдеріне көшіп кеткен өзге ұлттарға құшақты айқара ашуымыз дұрыс емес. Өйткені, олар жағдай жақсы болса, Қазақстанда қалып, әлеуметтік әлеует нашарласа, көшіп кететін тұрақсыз азаматтар. Олардың бізге қажеті бар ма? Жалпы, Қазақстан азаматығын алатындарға Ресей секілді мемлекеттік тілді, тарихты, салт-дәстүрді білуді міндеттеу керек.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай