4 пайыздық автонесиеге қалай өтінім береміз? Нұсқаулық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының 4 пайыздық жұмыс механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының 4 пайыздық жұмыс механизмін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін жеңілдігі бар кредит беру бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы 100 миллиард теңгеге жетіп отыр, олар бағдарламаның қолданылу кезеңінде қайтарымды-револьверлік негізде пайдаланылатын болды.

Бағдарламаның басталуы - 16 мамыр. Кредитті екінші деңгейдегі банктер береді. Бағдарлама мерзімі - 30 жыл.

Бағдарламаға қатысу үшін мына шарттарды орындау қажет:

  • тұтынушы дилер автоорталығына жүгініп, отандық өндіріс автокөлігін таңдауы керек;
  • дилер автоорталығының өкілдері қарыз алушыға қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын VIN-кодты міндетті түрде көрсете отырып, төлемге шот береді;
  • тұтынушы банкке VIN-кодты көрсете отырып, төлем шотымен жүгінуі қажет;
  • банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап тұтынушы электрондық кезекке тұрады;
  • банк тұтынушының төлем қабілетін және кредиттік тарихын бағалайды, оң шешім қабылданған жағдайда банк кредит беруге мақұлдауды және қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын кепілдік хатты береді;
  • кепілдік хатын алғаннан кейін тұтынушы автокөлікті рәсімдеу үшін дилер автоорталығына жүгінуі тиіс;
  • егер тұтынушы кепілдік хатты алған сәттен бастап 10 банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде банктік қарыз шартын рәсімдемесе, ол кезектен шығарылады.

Өтінім бергеннен кейін тұтынушы таңдалған автомобильдің маркасын және моделін өзгерте алмайды немесе кезекте тұрған орынды басқа жеке тұлғаға қайта тіркей алмайды. Бас тартқан жағдайда қарыз алушы электрондық кезектен шығады және оның орнына жаңа қатысушылар қосылады. Бағдарламаға бір тұтынушы екі жылда бір рет қатыса алады.

"Төлем қабілетін тексерумен және автозаймдарды мақұлдаумен екінші деңгейдегі банктер (серіктес банктер) айналысады. Банк өтінімді мақұлдағаннан кейін мақұлданған өтінімнің мәртебесін тұтынушының өзі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қатысуынсыз тиісті банктің платформасында (онлайн - кезек) қадағалайды", - деп нақтылады қордағылар.

Автокредит алу үшін мына екінші деңгейлі банктерге жүгінуге болады: "Еуразиялық банк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, Forte Bank АҚ.

"Бұл түпкілікті тізім емес, екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерін қарау барысында Өнеркәсіпті дамыту қоры бағдарламаға қатысушы серіктестерді қосып отырады", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың KIA, Hyundai, Chevrolet, JAC, LADA брендтерінің қазақстандық жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алу мүмкіндігі бар.

Еске салайық, несие мына шарттармен беріледі:

  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4 пайыз;
  • кредит беру сомасы - 10 миллион теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • көлік құралының құны - 15 миллион теңгеден аспайды.

Бұған дейін Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуге кезек қалай қалыптасатынын жазғанбыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro