Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

"Қайын ағамның" тепкісін ұмыта алар емеспін

30 Маусым 2014, 17:05
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Мен «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси порталының тұрақты оқырмандарының бірімін. Әсіресе, «Отбасы – ошақ қасы» айдарын үзбей оқимын. Осы айдарға басымнан өткен мына бір оқиғаны жазып, ішімдегі запыранды шығарсам ба деймін. «Отбасы, ошақ қасында» болған ойранды көп назарына жайып салғаным дұрыс па, бұрыс па?» деп біраз ойланғаным да рас. Бір тоқтамға келіп, қайран болса, қолыма қалам алдым. Біріншіден, одан бері 17 жыл өтіпті, ешкімге зияным тимес, екіншіден, аты-жөнімді өзгерттім. Кім біледі, іште 17 жыл бойы бұғып жатқан шерді тарқатсам, жеңілдеп қаламын ба? Бұл оқиғаны ата-анам, күйеуім және «ол» ғана біледі. Бірақ тән жарасын көрсе де, іштей қалай қиналғаным бір Алла мен маған ғана аян. Сонымен, 1997 жыл...

... Сол жылдары «Саяхат» автовокзалынан төмендеу жерде орналасқан екі бөлмелі кішкене ғана үйімізде күйем, мен, қызымыз үшеуміз тұрып жаттық. Бірде айтып келмей, Шымкент қаласында тұратын абысыным есік ашып тұр. Сол күні түнде күйеуім түнгі ауысымға жұмысқа кеткен еді. Таңға дейін абысыным екеуміз сыр шертістік, анығы ол мұңын шақты. Бір ауыз сөзбен айтсам оның әңгімесі мынау: «Күйеуім араққа салынып кетті. Бес баланы асырау мүмкін емес. Енді көмектеспесеңдер қайыр тілеп кететін түріміз бар. Барлық туған-туыс бізден бас тартты. Өйткені «ол» арағын қояр емес. Алайда күйеуім «егер Алматыдағы інім қол ұшын созса, арақты қойып, адам боламын. Жұмысқа тұрамын» деп ант-суын ішті». Шыны керек, аяп кеттім. Оларды емес әрине. Мына кең заманда тойып тамақ ішпей жүрген, «көршілері әкеп беретін бір тостақ макаронға қарап қалған» шиеттей балаларды ойлап, бей-жай қала алмадым. Абысыным ұйқыға кеткенде менің көзім ілінбей-ақ қойды. Күйеуімді күтіп, онымен ақылдаспақ ойдамын баяғы. Жеңгесінің дегендерін естіп күйеуім «Шымкентте күнін көре алмаған «ол» Алматыда қалай тұрмақ?» деп шала бүлінді. Ал мен өзімше жоспар құрып қойғанмын. Соны баяндап бердім.

– Осы үйге тіркейік. Сөйтіп қаладағы бір автопаркке жұмысқа тұрады. Біріншіден, күнде көлік айдаса арағын ішпейді, екіншіден, автопарктерге жүргізуші керек, үшіншіден айлықтары жақсы. Салып жатқан үйдің (сол жылдары қала сыртында үй салып жатқанбыз) бір-екі бөлмесін тездетіп бітіріп берейік, оғанға дейін осында тұра тұрады, - деп едім, күйеуім:

– Ойбай, мына «курятникте» сонда қанша адам тұрамыз!?, – деп баж ете қалды.

– Ақырын жеңгең естіп қояды. Күн жылы, жартысымыз далаға жатамыз. Екі-үш ай шыдайық. Әрбірден кейін бауыр сенікі, – деп едім күйеуім ойланып қалды.

Сонымен не керек, олар көшіп келді. Барлығы мен айтқандай болды. «Курятникте» қыркүйек айына дейін 4, 5 ай бірге тұрдық. Олар мана айтқан біз салып жатқан үйге көшкенде бес жасар қызымыздың қуанғанын көрсеңіздер ғой, жалғыз өсіп келе жатқан оның әбден мазасы қашты, білемін.

Сол жылдары ауылдағы жағдай қатты қиындап кетті. Жарық, сусыз қалған сондай бір ауылда менің әке-шешем тұрып жатты. Менен басқа ата-анамды ойлайтын ешкімнің жағдайы жоқ. Сол үшін де күйеуіме «ол» тұрып жатқан үйдің екінші жартысын бітіріп, әке-шешемді көшіріп алайық. Біраз тұра тұрсын, содан кейін бір мәнісі болар», - деп едім, бірден келісті.

Солай көрші болып «ол» мен менің ата-анам төрт-бес ай тұрды. Сол төрт-бес ай мен үшін оңайға соққан жоқ. «Неге?» дерсіздер. Әкем мен «ол» екі күннің бірінде ұрсысып қалады. Сөйтсек, «ол» біздің төбе жабамыз деп сатып алып, жинап қойған ағаштарымызды шетінен отқа жағады екен және де балалары үйдің бітпей тұрған бөлмесін қыстай дәретхана жасап шығыпты. Қысқасы, осы. Әрине, екі жақты сабырға шақырмақ оймен күйеуміз екеуміз талай мәрте «дипломатиялық бітімгершілік» орнатып жүрдік. «Мақұл, мақұлмен» жүріп, екеуінің беттері ашылып кетті.

Кешкі апақ-сапақ кез болатын. Ас дайындап жатыр едім, сау етіп әке-шешем келіп тұр. Түрлерін көріп, тұрған бойда талып қала жаздадым. Алпыстан асқан әкемнің басынан сорғалап аққан қан, бетін жуған. Бір көзі қатты ісіктен мүлде көрінбейді. Қолындағы шүберекпен қанды әрең тоқтатып тұр. Анам байғұс қорыққаннан аяқ-қолы дір-дір етеді. Шашы ұйпа-тұйпа. Ішін басып, жерге отыра кетті. Сіздерге өтірік, маған шын, «ол» анамның шашынан уыстап ұстап алып, ішінен бірнеше рет теуіпті. Ал анам 1-2 жыл бұрын ғана өтін алдырып, ауыр ота жасатқан еді.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай