Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Девальвация бола ма, болмай ма?

04 Тамыз 2014, 11:15
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еліміздің Ұлттық банкі бүгін бұқараны алаңдатып отырған доллар дабырасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәлімдеп отырғандай, нақ қазір «доллар қымбаттайды» деп дүрлігуге еш негіз жоқ. Аталмыш ведомство бұған нақты дерек ретінде елде алтын валюта қорының өсім беріп отырғанын алға тартып отыр.

Мысалы, биылғы жылы еліміздің алтын валюта қоры жыл басынан бері 9,2%-ға өскен. Осылайша Ұлттық банкінің алтын валюта резервтері бойынша серпін оң болып табылуда.

Бұл туралы аталмыш ведмоствоның өкілдері «ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2 пайызға өсті (0,5 млрд. АҚШ доллардан аса) және айдың соңында 27 млрд. АҚШ долларын құрады» деп ресми мәлімдеме жасады.

Осылайша жылдың басынан бері ҚР Ұлттық Банкінің алтын валюта резервтері 2,3 млрд. АҚШ долларына (+9,2%) өскен.

Сондай-ақ Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы нығайып, ағымдағы сәтте 1 АҚШ доллары үшін 182,08 теңгені құрағанын мәлім болып отыр. Осыған орай Ұлттық банкі алдағы уақытта теңгенің девальвацияға түспейтінін баса айтып, «девалвацияның тағы бір толқыны туындауы мүмкін» деген қауіпті жоққа шығарып отыр.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай