Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Ресей банктері санкция салқынын сезіне бастады, ал біздің банктер ше?

11 Қыркүйек 2014, 16:23
0
***
***

Кешелі бері Ресейдің Орталық банкі салалық банктеріне салынған санкциялардың кері әсері енді шыға бастағанын алға тартып отыр. Ресей Орталық банкінің мәліметінше, соңғы айлардағы көрсеткіштер банк саласындағы жағдайдың мәз еместігін айшықтай түскен.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың шілде айында Еуропа одағы Ресейдің капиталы ірі банктері “Сбербанк”, ВТБ, “Газпромбанк”, “Россельхозбанк”, Внешэкономбанктеріне санкция салған болатын. Бұдан былай Ресейдің санкцияға іліккен бұл банктеріне Еуропа нарығына кіруге шектеу қойылған. Олар енді Еуропадан ұзақ мерзімге қаржы, несие ала алмайды, Еуропа бұл банктермен бірлесіп ірі жобаларды қаржыландырмайды. Бұл жағдайға қатысты халықаралық сарапшылар сол шілде айының өзінде-ақ “Ресей банктерінің мұндай шектеуге ілінуі ел экономикасына кері әсер етеді” деген болатын.

Ал қазірде халықаралық валюта қорының есебінше, Ресейде экономикалық өсім жоқ, тіпті рецессия байқалады. Қазір Ресей банктері өз ішінде абдырап санкцияға іліккен “Газпромбанк” пен “Россельхозбанкі” мемлекеттен көмек сұрап отыр. “Россельхозбанк” үкіметтен 100 миллиард рубль сұраса, ал “Газпромбанк” ұлттық әл-ауқат қорына айрықша акцияларын 40 миллиард рубльге сатып алуды ұсынған. Алайда Ресей қаржы министрлігі банктерге көмек беруге қарсы. Министрліктің пайымынша, банктер санкция жағдайын дақпырт ретінде пайдаланып, мемлекеттің бар мүмкіндігінше қаржылай қолдауына ие болмақшы.

Сонымен, Ресей банктеріне санкцияның салқыны сезіле бастады. Ал сол Ресей банктері Қазақстан нарығында да жұмыс істеп жатқанын ескерсек, мұның бізге салдары қандай болады? Ресей банктерінің қызметін қазақстандық тұтынушылар да пайдаланып отырғанын ескерсек, бұл арада қандай әрекет еткен жөн? "Алаш айнасы" мәселені тарқатып көрмек болды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай