Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бізді СПИД "қылған" кім?.

07 Қазан 2014, 10:33
0
www.mn.ru
www.mn.ru

 "Есіме мүлде алғым келмейтін сол бір күндер тағы біреудің басында қайталанып жатса не болады" деген ой мені селт еткізіп, жанымды түршіктіріп, маза бермейді. Сондықтан қолыма қалам алып, "Алаш айнасы" – өзіңе хат жазып отырмын...

Мен Алматыдағы Көк базарда сауда жасаймын. Кореядан киім-кешек алып келіп, сатамын. Сүйіп қосылған жан жолдасыммен отасқанымызға 15 жылдың жүзі боп қалды. Бір баламыз бар. Ол қазір мектепке барады. Алайда одан кейін балалы бола алмай, уақыт сырғып өте берді. Күндердің күні бұл мәселемен түбегейлі түрде шұғылдануға бел шешіп, оған күйеуімді көндіріп, елден естіген аты дардай ақылы емханаға бардық. Түрлі сараптамалардан өттік. Сараптама қорытындысын білуге мен өзім бардым. Күйеуім базарда сауда-саттыққа бас-көз боп қалды. Гинеколог-дәрігер – егде тартқан еврей әйелі әңгімені суыртпақтап алыстан бастады. Әрине, ішім бірдемені сезді. "Мұндай қазір адамның барлығының басында болады, ол емделетін ауру түрі" деп компьютерін ақтарған ол көз қырымен менің жүзімді барлап қояды. Адам ойы жүйрік емес пе? "Масқара, мынау жатыр ісігіне шалдыққансыз дегелі отыр ма" деп қоямын іштей. Өз-өзім топшылаған сорақы диагноз осы болды. Бірақ, шынтуайтындағысы одан да асып түсті (қазір айтуға оңай ғой, ол кездегі халімді тілмен жеткізе алмаймын). Компьютер экранынан дәрігер бір науқастарды көрсетті. "Міне, дұрыс күтім болса, барлығы жазылады" деп қояды. Астындағы СПИД деген жазуға көзім түсіп кетті, бірақ онда да оның маған қатысы жоқтай бажырайып дәрігерге қарап отырмын. "Диагнозыңызды білдіңіз, қатты қорқып едім, енді оны жұбайыңызға қалай естіртеміз" демесі бар ма әлгінің.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай