Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлем экономикасы мен саясаты институтының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева арнайы Tengrinews.kz үшін "7-20-25" бағдарламасын өзге елдердің ипотекаларымен салыстырды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлем экономикасы мен саясаты институтының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева арнайы Tengrinews.kz үшін "7-20-25" бағдарламасын өзге елдердің ипотекаларымен салыстырды.
Ипотекасы ең арзан ТОП-5 елде шарттар қандай?
Ипотекалық пайызы төмен елдердің бұл бестігіне Жапония (1,16 пайыз), Швейцария (1,44 пайыз), Финляндия (1,47 пайыз), Германия (1,88 пайыз) және Швеция (1,90 пайыз) кіреді. Төлем мөлшерлерінің аз болуы бұл елдердегі төмен инфляция және кредиттеудің жоғарылығына байланысты, бірақ, бұл елдерде баспана өте қымбат. "Эксперт" балама орталығының мәліметі бойынша, Жапонияда баспананың шаршы метрі 800 мың доллар, Швейцарияда - 10 000 еуро, Германия мен Швецияда - 8 000 еуро, Финляндияда - 2 500 еуро. Қазақстандағы инфляция деңгейі (2017 жылы 7,1 пайыз) және салыстырмалы түрде баспананың арзандығын есепке алсақ, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 7 пайыздық төлем - айтарлықтай ұтымды. Қажетті бастапқы жарна Швецария мен Германиядағы шарттарға сай келеді. Швецарияда бастапқы жарнаның 10 пайыздан аспайтын соммасын зейнетақы жинағы есебінен төлеуге болады.
Осылайша, бұл елдерде баспана өте қымбат, ипотекалық кредиттер ұзақ мерзімге беріледі. Жапонияда кредит алған адам ипотеканы тірісінде төлеп біте алмаса, қарызы балаларына өтеді. Швеция мен Швейцарияда да осылай жасауға болады. Егер адамдар ата-анасынан қалған қарызды төлеуден бас тартса, онда банк баспананы нарық бағасымен өз меншігіне алады.
Ипотекалық пайызы жоғары елдер
Ұсынылып отырған 7 пайыздық төлем Венгрия (5,59 пайыз), Албания (6,39 пайыз), Босния және Герцеговина (6,25 пайыз) сияқты шығыс еуропалық елдерге тән. Ипотекалық кредит ұсынатын елдерде пайыздық төлем 1,16-дан 25,94 пайызға дейін барады. Ең жоғары пайыздық төлемдер Аргентина, Венесуэла, Украина және Иранда.
Қазақстанға арзан ипотека керек пе?
Арзан ипотека халықты баспанамен қамтамасыз етудің бір жолы. Өте әмбебап болмаса да, бұл тәсіл көптеген, әсіресе экономикасы дамыған және тұрақты елдерде сұранысқа ие болды. Әлемде жылжымайтын мүліктің 80 пайызы қарызға сатып алынады. Жаңа бағдарламаны енгізу қосымша тағы екі әлеуметтік міндетті шешеді: құрылыс саласының дамуына үлес, жаңа жұмыс орындар ашылады және елде орта тап өкілдерінің саны артады.
Жаңа ипотекалық бағдарламаның іске асуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
Ипотекалық кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың салымы есебінен беру - айтарлықтай қымбат және оншалықты тұрақты табыс көзі емес, өйткені депозиттердің төлемі жылына 13-14 пайызға дейін барады, орташа мерзім - бір жыл. Ал оны қайтып алуға шектеулі мерзім жоқтың қасы. Сонымен қатар, ипотекалық кредиттер 15-20 жылға беріледі.
Бұл жағдайда ипотекалық облигациялар "ұзақ қаржының" көзі болмақ. Қарапайым қарыз алушыға ипотекалық кредитке банктер қаржыны қалай алатыны маңызды емес. Олар үшін ең бастысы - төлемдердің барынша төмен болуы.
Төмен төлемдер артық сұраныс тудырып, баға шарықтап кетуі мүмкін. Бірақ 2008-2009 жылдардағы жағдайдың қайталануы екіталай. Сонымен қатар, алғашқы жарнаның төмендігінің қаупі де бар. Осыған байланысты банктер ипотека беру кезінде кредиттің қайтуы мен кез келген сыбайлас жемқорлықты жоюға күш салады.
Кей қарыз алушылар үшін 25 жыл тым ұзақ көрінуі мүмкін, сондықтан оны ертерек жабуға тырысады. Қарыз ерте жабылса, банктер жоспарланған пайдасын көрмейді және инвестициялық кірісі жоғалады. Осыған байланысты банктер кредитті мерзімінен бұрын жабуды шектеуі немесе қарызын ерте жабушылардан үстеме төлем алуы мүмкін.