25 мамыр 2023 | 10:54

7 жыл: Сейфуллин мен Жансүгіров қилысындағы жолды жөндеу жұмысы қашан аяқталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда Сейфуллин мен Жансүгіров қиылысындағы көлік қиылысында әзірге белсенді жөндеу жұмыстары байқалмаған. Соңғы сапардан бір жыл өткен соң Tengrinews.kz тілшілері тағы да құрылыс алаңына барып, ерекше жағдайды түсіріп алды. Толығырақ біздің фоторепортаждан оқыңыз.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Сейфуллин мен Жансүгіров қиылысындағы көлік қиылысында әзірге белсенді жөндеу жұмыстары байқалмаған. Соңғы сапардан бір жыл өткен соң Tengrinews.kz тілшілері тағы да құрылыс алаңына барып, ерекше жағдайды түсіріп алды. Толығырақ біздің фоторепортаждан оқыңыз.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы мегаполистегі ең көп жүретін жол қиылыстарының бірі. Мұнда сағат сайын мыңдаған көлік өтеді. Осыған байланысты қала билігі осыдан 10 жыл бұрын жолайрығын салуды ойластырған.

Жобаның бюджеті бекітілгеннен кейін бірнеше жылдан соң іске асырыла бастады. Ал 2017 жылы құрылыс жолының бойындағы жерді пайдалануға ақша бөліп қойған.

Жөндеу жұмыстары басталып, әлі жалғасып жатыр. Бірақ қазір жөндеу жұмыстары біршама бәсеңдеп қалғанын байқаймыз. Төмендегі фотолардан себебін анық білесіз. 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың мамырына дейін не өзгергенін көріңіздер.

Бұл солтүстіктен оңтүстікке тауға қарай жол қиылысының көрінісі. Сейфуллин көшесінен жоғары Жансүгіровтен сәл төмен жол бойындағы жасыл желектердің сиреп кеткенін байқауға болады.

Жақында ғана ағаштардың кесілгені байқалады. Жұмысшылар діңкектерін әлі кесіп үлгермеген, кесілген бөренелерін жол жиегінен шығармаған.

Дәл осындай сурет сыртта да байқалады. Мұнда жаңадан кесілген жасыл алаңдар да біршама. Бірақ ағаштар кесілгеннен кейін бәрі жойылғанын байқадық.

Кейбір жасыл бұталар әлі кесілмегеніне қарағанда экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің шенеуніктерінен әлі рұқсат алмаған тәрізді.

Әйтсе де, ең қызығын қоршаудың арғы бетінен көрдік.

Алдымен жол салушылар құрылыс техникаларын қоршап тұрған шатырларды алып тастады. Соңғы бір жылда олар аумақта біраз жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгерген көрінеді.

Шашылып жатқан құрылыс материалдары өткен жылдың маусым айында қандай күйде болса, әлі сол қалпында. Туннельдегі су көбірек болғанын байқадық.

Жергілікті балалар шомылу маусымын күтпей-ақ өздеріне бассейн дайындап алған.

Айта кетейік, түсірілім күні Алматыда күн ыстық болды. Балаларды түсінуге болады. Олардың суға шомылғысы келеді. Осы жазғы демалыста балалар шомылуды бірнеше мәрте қайталайды.

Су басудың себебін анықтауды жөн көрдік.

Құрылыс нормаларына сәйкес, жол айырбастау туннельдерінде қосымша жолдар қарастырылуы керек. Мүмкін олар әлі төселмеген шығар, дегенмен олар туннель астында болуы тиіс.

Туннельдің бір бөлігіне су кетіп қалған. Бірақ қабырғалар әлі ылғал болып тұр.

Үлкен көлемде жиналған суды неге тазартпаған? Жауабын қала басшылығынан сұрадық.

Олар бұған дейін мердігер "ҚазГерСтрой БК" компаниясы болғанын түсіндірді. Бірақ өзіне алған міндеттемелерін толық және тиісінше орындамау салдарынан онымен келісім-шарт бұзылған. Жол салушылар мұнымен келіспей, сотқа жүгінген. Олар келісімшартты біржақты бұзуды заңсыз деп тануды талап етті. Алайда олар бұл талапты жоққа шығарды.

"Аталған компанияны нашар жөндеушілер тізіміне енгізу үшін материалдар дайындалды. Материалдар әділет органдарына жіберілді", - деді қалалық мобилділік басқармасы өкілдері. 

Тараптар соттасып жатқанда, әкімдік құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауы тиіс жаңа мердігер ұйымды анықтады. Бұл DSY-13 компаниясы. Алайда оның жұмысшылары құрылыс алаңына кіре алмайды, себебі "ҚазГерСтрой БК" компаниясының күзетшілер бар.

"Су жиналып қалған жер қоршау ішінде. Суды құрғатумен "СП ҚазГерСтрой" " серіктестігінің жұмысшылары айналыспайды. Олар орнатқан күзетшілер "DSY-13" мекемесінің құрылыс алаңына кіргізбей отыр. Оларға өткен жылдың 25 сәуірінде "СП ҚазГерСтрой" сот шешіміне шағымдануы себеп болып отыр", - деді шенеуніктер.

Осылайша, әкімдіктегілердің сөзінше, сот процесі толық аяқталғанша жаңа компанияның құрылысты қайта бастауға мүмкіндігі жоқ. Алайда, соған қарамастан "DSY -13" серіктестігі Жансүгіров көшесінің бойында да, Сейфуллин даңғылының бойында қоршау сыртында да жол жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жақында тараптар бір мәмілеге келеді немесе сот дауға нүкте қояды деп сенеміз. Себебі қаланың өмірлік маңызы бар күре жол айрығының құрылысы ұзағырақ созылған сайын, жобаны қайта жасауға тура келеді. Бұл тағы да жоба құнының қымбаттауына және бюджеттен қосымша ақшаның бөлінуіне әкеліп соғады. Оның ішінде қарапайым азаматтардың есебінен толықтырылады. Олар бұл мәселенің шешілуінен үміт үзген тәрізді.

Мәтінін жазған: Шоқан Алхабаев
Фото: Әлихан Сариев

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети