Астанада 7 мамырда өтетін әскери парадқа дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл күні қазақстандықтарға не көрсетіледі? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Парадқа 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады. Шерудің әуе бөлігінде майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты болады.
Плацта 3000-нан астам офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызмет сарбазы дайындалып жаттыр. Өзге бөлімшелер жақын арада жалпы топқа қосылады.
Парадтық есептоптардың негізін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің есептоптары да қатысады.
Бүгінде олар Астана іргесіндегі әскери-далалық лагерьде орналасқан. Лагерьдің өзі шағын казарма қызметін атқаратын 288 шатырдан тұрады.
Генерал-майор Мереке Көшекбаевтың айтуынша, әскерилер парадқа дайындық кезінде күніне 6 сағаттан шеруге шығады.
"Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей дене дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық әскери қызметшілердің бойынша Қарулы күштерге деген мақтанышқа негізделген жоғары мотивация бар", – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.
Жаттығуларға әскери техника да тартылған. Мысалы, бұл суретте аты аңызға айналған "Жеңіс танкі" Т-34 көрсетілген.
Бұдан басқа да техникалар бар.
7 мамырда Астанадағы алаңда жалпы саны 300-ден астам қару-жарақ, әскери техника және авиация үлгілері қойылады.
Әрбір парадтық есеп құрамында 156 әскери қызметші болады. Парад соңында 300 музыканттан тұратын біріккен әскери оркестрдің дефилесі өтеді.
Сурттер: Tengrinews.kz / Надежда Лыкова және Қорғаныс министрлігі