Билік басындағы ауыс-түйістердің ең бастауында Мәжіліске келіп Премьер-Министр кандидатурасына Мәсімовты ұсынған Елбасы Парламенттің пәрменділігін халық қалаулыларының есіне бір салып кеткен еді. Президент атқарушы биліктің ендігі атқамінерлері туралы айтқанда «Парламент өз жұмысын атқара алмайтын министрлерді жұмыстан босату туралы мәселе көтеруге құқылы» екеніне тағы бір назар аударды. Есесіне, Мәжіліс Мәсімов кандидатурасына қол қойған күннің ертесінде-ақ Сенат басынан бағы ашылмай келе жатқан Ауыл шаруашылығы министрінің кәсібилігіне шүбә келтіріп, «команда жасақтауда» жаңылмауға қатысты кеңестер айтып жатты.

Соған қарағанда аттан түсетіннің біріншісі де осы бүгін министр міндетін атқарушы Асылжан Мамытбеков болып қалуы кәдік деп топшалайды сарапшылар. Өйткені, бұған дейін министрдің һәм министрліктің жұмысы сыннан көз ашпады. Алыс-алыс шетелден аттай қалап әкелген асыл тұқымды бұқалар төңірегіндегі дау-дамайдан бастап, ведомство жұмысындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге қатысты әңгіме таусылмады. Министр Мамытбековтың өзі де жемқорлыққа қатысты айыпталған орынбасары үшін орнын босатуға (егерәки орынбасар қылмысы бұлтартпай анықталса-авт.) уәде етті. Өстіп жүргенде Мәжілістің мінберінен министр бірнеше рет сөз естіді, енді міне сенаторлар да «темірді қызған кезінде соғып» жатқанға ұқсайды. Ал ондағы әңгіменің басы неден туды дегенге келсек, осы бейсенбіде Сенат тарифтік квоталарды қолдану тетігіне қатысты хаттаманы қабылдаған. Бұл хаттама бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне тарифтік квоталардың көлемін белгілейді. Міне, осы мәселе сенаторлардың «қытығына» тиіп, «қай-қайдағысын» қоздырды.
Әлгі квотаға келсек, Экономика министрлігі Қазақстан қажеттілігі үшін биылғы 2014 жылға 10 мың тонна шошқаның етін импорттауды көрсетіпті. Яғни, Қазақстанға Ресей мен Беларусь секілді кедендік әріптестерден бөлек тағы 10 мың тонна шошқа еті келеді деген сөз. «10 мың тонна шошқаның еті – бұл 10 млн. келі деген сөз. Оны 1 еуромен кіргізсек 10 млн. еуро болады деген сөз. Жарайды, ақшасын қойшы, Қазақстанда 17 млн. халық болса, соның 10 млн-ы мұсылман. Ендеше, қалған 7 млн. адамға қажетті шошқа етін шетелден кіргізбей-ақ, Ресей мен Беларусьтан неге ала салмаймыз?», - деп қайырады сенатор Қожахмет Баймаханов. Бұл ғана емес, Баймаханов мырзаның шымбайына батқан басқа да «алдамшы» мәліметтер. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл Ресейге 15 мың тонна ет экспорттауды жоспарлапты. Сөйте тұра, Қазақстан жоғарыдағы хаттамаға сәйкес, тағы 15 мың тонна етке квота беріп отыр. Сосын сенатор ауыл шаруашылығы министрлігінен алынған мәліметтерін алға жайып, нақты жағдайға да, нақты жоспарға кереғар цифрларды ақтарып тастады.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.